Алматыда 12 адамды ажал құштырған ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталды

3 Сәуір 2024, 15:02
1000
Бөлісу:
Алматыда 12 адамды ажал құштырған ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталды
Фото: Бас Көлік прокуратурасы

Алматы қаласының әуежайында "Bek Air" әуекомпаниясының "Fokker-100"маркалы әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылдың 27 желтоқсанында орын алған «Fokker-100» «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауы фактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталғанын хабарлады. 

4 мыңнан аса тергеу әрекеті (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды, - делінген хабарламада.

Қазір процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

Еске салсақ, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыда жантүршігерлік ұшақ апаты болды. Bek Air әуекомпаниясының ұшағы алматы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болды. Апат салдарынан 12 адам қаза болды.

Өзгелердің жаңалығы