Бүгін елдің басым бөлігінде ауа сапасы нашарлайды

3 Сәуір 2024, 07:45
472
Бөлісу:
Бүгін елдің басым бөлігінде ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

3 сәуір, сәрсенбі күні 9 қалада метеорологиялық жағдай нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы