Президент: Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін бөлек қарастырамыз

3 Сәуір 2024, 12:23
251
Бөлісу:
Президент: Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін бөлек қарастырамыз
PHOTO
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ұйымның күн тәртібі бірегей саналады. Онда экономикалық ынтымақтастық, инвестициялық саясат, мәдениет, гуманитарлық байланыстар саласындағы ықпалдастық және басқа да көптеген мәселе қамтылған.

 Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін бөлек қарастырамыз. Әрине, мұнда біз саяси ерік-жігер көрсетуге тиіспіз. Солайша бірге екенімізді танытып, ең бастысы, тиімді әрекет етуіміз керек. Қазақстан бұл игі іске өзінің елеулі үлесін қосады. Бұған сенімді болыңыздар. Сондықтан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанада өтетін алдағы саммитіне зор үміт артамын, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, кездесуге қатысушылардың ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «шанхай рухын» күшейту жолындағы жұмысына табыс тіледі. Жиында Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Президент: Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін бөлек қарастырамыз

Николай Патрушев, Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі; Сяохун Ван, Үндістан Премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі; Аджит Довал, Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; Виктор Махмудов, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; Марат Иманкулов, Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; Насрулло Махмудзода, Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметінің Ұлттық қауіпсіздік бөлімшесінің хатшысы; Вакар Ахмад, Иран Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесінің хатшысы; Али Акбар Ахмадиан Бабаки; бақылаушы мемлекеттердің өкілдері: Моңғолия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; Бямбажаргал Алтангэрэл, Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович сөз сөйледі.

Өзгелердің жаңалығы