АШМ отандық пияз өндірушілерді қолдау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады

3 Сәуір 2024, 19:31
380
Бөлісу:
АШМ отандық пияз өндірушілерді қолдау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрлігі  және ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда өндірілетін пияз көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті, сондай-ақ жыл сайын 200 мың тоннадан астам көлемде экспорттық әлеуетке ие.

Бұл ретте экспортқа негізгі жөнелту қыркүйектен ақпанға дейін жүргізіледі.

2023 жылы пияз экспорты Ресей - 40%, Өзбекстан - 31%, Пәкістан - 13% және Ауғанстан, Түрікменстан және Грузия үлесіне шамамен 10% өндірілді.

Пияздың әлемдік нарығы пияз өсіруге маманданған негізгі елдерде өндірістің көлемі мен сұранысына байланысты жоғары құбылмалылығымен сипатталатынын атап өткен жөн.

Мысалы, Орталық Азия елдеріндегі қыстағы аяз бен Пәкістандағы табиғи апатқа байланысты 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы шілдеге дейін пияз бағасы күрт өсіп, бір килограмы 245 теңгеге жетті.

Жоғарғы сұранысқа байланысты Қазақстан 2023 жылы пияз экспорты бойынша үш айлық шектеулер енгізуге мәжбүр болды.

2022/2023 жылдардағы маусымда қалыптасқан пияздың жоғарғы сұранысын ескере отырып, көптеген елдер егіс алаңын едәуір кеңейтті, нәтижесінде осы маусымда әлемдік нарықта ұсыныстың ұлғаюына және бағаның төмендеуіне алып келді. Салдарынан сыртқы нарықтардан қазақстандық пияздарға сұраныстың төмендеуіне және қордың едәуір көлемінің жинақталуына алып келді.

Наурыз айының басынан бастап, пияз қорының иелерінде оны ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу бойынша қатаң келісімшарттар жоқ екені анықталғаннан кейін, АШМ өңірлердің әкімдіктерімен және ӘКК-мен бірлесіп ішкі нарықты толықтыру үшін пияз жеткізуді пысықтады.

Сондай-ақ, Сауда және интеграция министрлігі және «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп Әзірбайжан, Грузия, Сербия, Чехия, Тәжікстан және Ауғанстанға 23 мың тонна көлемінде пияз жеткізу үшін келісімшарт жасасу және жөнелту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұл ретте, бүгінгі күні АШТӨ қоймаларында 130 мың тонна сатылмаған өнім қалады, оның ішінде 114 мың тоннасы Жамбыл облысына және 16 мың тоннасы Алматы облысына тиесілі.

Белгілі болғандай, пиязды сатудағы проблемалар экспорт кезіндегі логистикалық қиындықтармен де байланысты болған.

Маусымның қызған шағында экспорттаушылар «рұқсат» деп аталатын кіру карталарын ала алмады.

Өз көлігі бар фермерлер мен саудагерлер тек зауыттар мен ресми дистрибьюторлар беретін «көліктегі экологиялық қауіпсіздік класын» растауы керек болды. Бұл талаптар ағымдағы жылдың ақпан айында ғана алынып тасталды.

Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі және Көлік министрлігі пияз экспорттаушылар үшін барлық рұқсат беру рәсімдерін жеделдетілген түрде қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы