Су тасқыны. Әскерилер Аягөз ауданында көпір орнатты

3 Сәуір 2024, 16:53
346
Бөлісу:
Су тасқыны. Әскерилер Аягөз ауданында көпір орнатты
Фото: скриншот

Су тасқыны кезінде Боран және Жиделі елді мекендерімен жол қатынасы бұзылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аягөз гарнизонының әскери инженерлері су тасқынынан кейін үзілген Боран және Жиделі елді мекендерімен жол қатынасын қалпына келтіру үшін өзен арқылы 30 метрлік ТММ-3 көпірін орнатты, - делінген хабарламада.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жергілікті тұрғындарға табиғи апаттың зардаптарын еңсеруге көмектесіп қана қоймай, өздерінің кәсіби дағдылары мен машықтарын жетілдіруде.

Өзгелердің жаңалығы