Шымбұлақта қысқы спорт түрлерінен жарыс өтеді

3 Сәуір 2024, 05:50
299
Бөлісу:
Шымбұлақта қысқы спорт түрлерінен жарыс өтеді
Фото: baq.kz

6-7 сәуір аралығында Алматыдағы Шымбұлақ тау курортының аумағында спорттық-музыкалық фестиваль өтеді. Биыл ұйымдастырушылар шараны екі күндік фестивальге дейін кеңейту туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл халықаралық жарыс – Қазақстандағы қысқы экстримнің басты шарасы, ол жыл сайын еліміздегі сноубординг пен тау шаңғысының дамуына зор үлесін қосып келеді. Жеті жылдық тарихында шара өз айналасында ауқымды қоғамдастық құрды.

2024 жылы фестиваль Шымбұлақ курортының дәл ортасында өтеді. Негізгі станция Алматы қаласының тұрғындарын, шетелдік туристер мен көрші елдерден келген қонақтарды жинайтын орталыққа айналады. Бұл 70-ші мерейтой маусымының соңғы аккорды болмақ. Фестиваль қонақтарын екі күндік спорттық және музыкалық бағдарлама күтеді.

Биыл ұйымдастырушылар шараны екі күндік фестивальге дейін кеңейту туралы шешім қабылдады. Дәстүрлі Big Air, Jibbing және бәріне ұнаған The Battle бағыттарынан басқа жаңа жарыс пайда болды – ол Jungle Сross, арнайы трассада өтетін ұшып кету қаупі бар жарыс.

Қазақстандық райдерлардан бөлек жарысқа Польша, Австрия, Финляндия, Франция және Сербия елдерінен келген шаңғышылар мен сноубордшылар қатысады.

Халықаралық жарыстардан бөлек – фестиваль қонақтарын 20-дан астам әртіс пен диджейдан құралған алуан түрлі жанрлардағы бай музыкалық бағдарлама күтеді.

Өзгелердің жаңалығы