БҚО су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

3 Сәуір 2024, 10:46
257
Бөлісу:
БҚО су тасқынына  қарсы жұмыстар жалғасып жатыр
VIDEO
Фото: ТЖМ

Егістіктерден еріген қар суының үлкен көлемінің Ұзынкөл су қоймасына ағуына байланысты оның толып кетіп, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ұзынкөл кентін су басу қаупі туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-не сілтеме жасап.

Осыған байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылында және Орал қаласында халықты алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 750 адам, оның ішінде 230 бала эвакуацияланды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу және эвакуациялау үшін 112 адам және 39 бірлік ТЖМ, ЖАО, ПД түрлі техникасы жұмылдырылды. 

Су қоймасы бөгетінің денесін нығайту бойынша іс-шаралар жүргізілуде, жұмыстар жалғасуда. 

Ұзынкөл су қоймасы бұзылған жағдайда Ұзынкөл, Юбилейное, Кемер, Жаңа Өмір және Барбастау ауылдарын су басу қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы