Энергетика министрі Қашағандағы жағдайға байланысты пікір білдірді

3 Сәуір 2024, 12:36
257
Бөлісу:
Энергетика министрі Қашағандағы жағдайға байланысты пікір білдірді
Фото: pixabay.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қашағандағы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген министр Қашағандағы мұнайдың төгілгені жайлы көтерілген сұраққа жауап берді.

Өздеріңіз білетіндей, Қашағандағы теңіз кешенін пайдалану кезінде бүкіл кезең ішінде бірде-бір рет мұнай төгілмеді. Сондықтан біз қазір ақпаратты тексерумен айналысып жатырмыз, яғни қазір ғарыштық мониторингтен алынған суретке талдау жүргізіліп жатыр. Қазір бүкіл акваторияда су сынамаларын алу жүргізіліп жатыр. Әзірге мұнай төгілгені расталмады. Жұмыс жалғаса береді, - деп жауап берді министр.

Өзгелердің жаңалығы