АЭС құрылысы: Референдум қашан өтеді?

3 Сәуір 2024, 12:41
523
Бөлісу:
АЭС құрылысы: Референдум қашан өтеді?
Фото: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Референдумның өтетін уақыты мен күні, барысы республиканың конституциялық заңы бойынша жүйеленеді. Оған Орталық сайлау комиссиясы жауапты. Оның процесіне, тыңдау мен материалдарды дайындау жұмысына министрлік те атсалысады, - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, АЭС салуға еліміздің әлеуеті жоғары.

Қазақстанның АЭС құрылысында қауқары жоғары. Елімізде бұл салада арнайы мамандар мен сарапшылар бар. Эксплуатация бағытында да тәжірибеміз бар. Ядролық обьектілердің бұған дейін де, қазір де тәжірибесі жеткілікті. Ядролық физика орталықтары бар. Олардың да бұл салада құзыреттілігі жоғары, - деп түсіндірді еліміздің бас энергетигі.

Өзгелердің жаңалығы