Әскери қызметшілер арықтарды тазартып жатыр

3 Сәуір 2024, 12:32
257
Бөлісу:
Әскери қызметшілер арықтарды тазартып жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Әскери қызметшілер ШҚО-ның Алтай ауданында арықтарды тазартуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Алтай ауданында № 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еріген суларды кедергісіз өткізу үшін арықтар мен су өткізу құрылыстарын тазалауды жалғастыруда. Инертті материалмен қаптар дайындалды.

Осы ауданда болған кезден бастап әскери қызметшілермен 2 шақырымға жуық арық жүйесі, 75 су өткізу құрылыстары мен 1 көпір тазаланды, 100 қап инертті материал төселді, халықпен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды, оның барысында су тасқыны кезінде жүріс-тұрыс ережелері бойынша 230 парақша таратылды.

Өзгелердің жаңалығы