Все новости за 29 тамыз 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Екібастұзда күкірт қышқылының төгілуі: Экологтар ауа сапасына қатысты түсінік берді
Екібастұз-2 теміржол стансасындағы цистерналардан күкірт қышқылының төгілуіне байланысты тіршілікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер мен мемлекеттік органдар зардап салдарын жою және қоршаған ортаның жай-күйін бақылау үшін шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады
Астанада өңірлерден тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да жоғалған 3 жасар қыз иісшіл иттің көмегімен табылды
Батыс Қазақстан облысында кешкісін жоғалып кеткен 3 жасар қыз 8 сағаттан кейін даладан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екібастұзда күкірт қышқылы төгілді
Павлодар облысының Екібастұз қаласында күкірт қышқылы төгілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Енді жеке көмекші қызметінің курстарын онлайн режимде оқуға болады
Skills Enbek платформасы арқылы мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын адамдарды, сондай-ақ нашар көретін азаматтарды сүйемелдеуді жүзеге асыратын жеке көмекшілер үшін онлайн режимде оқу қолжетімді болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыл тұрғынынан 30 келіге жуық есірткі тәркіленді
Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 30 келіге жуық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда ұялы байланыс қашан жақсарады?
Елімізде жыл өткен сайын цифрландыру деңгейі қарқынды дамып барады. Осы орайда ұялы байланыстың сапасы, мобильді операторлар мен интернеттің жұмысына қатысты мәселе де арта түсті. Саладағы проблемалар қалай және қашан шешіледі? BAQ.KZ материалынан оқи аласыздар.
-
Қытайдың инвестициялық қоғамдастығын бірлескен жобаларға қатысуға шақырамыз - Смайылов
Әлихан Смайылов Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Халықтың өмір сүру ұзақтығы: Қай өңір көш бастап тұр
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының І жартыжылдық қорытындысы бойынша кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Алматыда сағат 19:29-да «Ақкент» ықшамауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Орта білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жекеменшік мектептің басшыларымен кездесіп, орта білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде көпбалалы отбасыларға тұрғын үй кілттері табысталды
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Конституция күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік тұрғын үй қорында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 10 отбасына Комсомол кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде 20 аз қамтылған отбасы баспаналы болды
Конституция күні қарсаңында Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй халық игіліне берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында алғаш рет арпаның жаңа сұрпы өсірілуде
Ақтөбе облысында алғаш рет арпаның жаңа сұрпы өсіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Келісімге келмейді. Министр құрылыста жұмыс істейтін жастар жайында
Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова азаматтардың құқықтық сауатына көңіл бөлу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте қойма өртенді
Шымкентте қойма өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұруға арналмаған жерді жалға бергендер жазаланады - министр
Тұруға арналмаған орынды жалға беріп жүргендерге жауапкершілік күшейеді. Еңбек министрлігінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сарбаздардың жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды
Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімше сарбаздарының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
-
Елде қызылша ауруы ушығып тұр
Бүкіл әлемде қызылша бойынша, оның ішінде Қазақстанда да жағдай ушығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Астанаға келуге ешқандай шектеу жоқ”. Министр үкіметтегі мәлімдемесін түсіндірді
Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкіметтегі мәлімдемесін қайта түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
172 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды
Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Адам құқығын жақсы білсе, қоғамда құқықтық прогресс болады
Бүгінгі таңда жастар арасында заңды жетік білмейтін, құқықтық сауаты төмен адамдардың қатары артқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды
Астанада үлескерлердің қаржысын қабылдайтын құқығы жоқ құрылыс салушылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұмыс сапарымен Байқоңырға барған депутаттар не көргенін айтты
Мәжіліс депутаттары Екатерина Смышляева мен Павел Казанцев жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласына барып, «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа Әлеуметтік кодексте не өзгерді
Елімізде жаңа әлеуметтік саясатта не өзгергені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астаналық колледждің 83 ұланы ант берді
Конституция күні қарсаңында Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде алғаш рет ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1 қыркүйектен бастап не өзгереді?
1 қыркүйектен бастап елімізде не өзгереді? Толығырақ BAQ.KZ мақаласынан оқи аласыздар.
-
Құқығыңыз бұзылып жатса, кімге хабарласуға болады
Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілге қалай хабарласуға болатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
190 мыңнан астам абитуриент колледждерге оқуға түсті
Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сыр өңіріндегі ауылда жаңа спорт кешені пайда болды
Қызылорда облысы Ақсуат ауылдық округі Маханбетов ауылының тұрғындары «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан 1504 шаршы метрлік жаңа спорт кешенін сыйға еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайда еліміздің абыройын асқақтаттыңыздар - Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайылов 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Білім күніне дайындық қалай
Елордадағы Сауран 5/1 көшесінде орналасқан №59 мектеп лицейі жаңа оқу жылына қызу дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық спортты насихаттау қарқынды жүріп жатыр – Салжанов
Ұлттық спорт қауымдастығы президенті Исламбек Салжанов, Бас редакторлар клубы президенті Бибігүл Жексенбай және Ұлттық медиа қауымдастығы төрағасы Кемелбек Ойшыбаев медиа-менеджерлер және журналистермен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1 қыркүйекте «ALAMAN» медиа байқауы басталады
Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының бір жылдық жұмыс нәтижесі, ұлттық спорттағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланған кездесуде қауымдастық президенті Исламбек Салжанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мусин кәсіпкерлердің жұмысын қалай жеңілдеткенін айтты
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету бағытында қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мусин жер иелеріне қатысты жаңа платформаның іске қосылғанын айтты
Бұл туралы үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Ауыл аманаты». 658 млн теңгеге 183 өтінім берілді
Қарғалы ауданына жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұрт құзырлы органдардан әділдік таба алмаған соң Президент әкімшілігіне арызданады – Президент
Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қазақстан" шахтасында апатты жою жұмыстары жалғасып жатыр
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында апатты учаскеде гипс бөгеттерін салу жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингте 36 саты жоғарылады
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таудан оралмаған туристерге құтқарушылар көмекке шықты
28 тамыз сағат 00:52-де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының диспетчерлік қызметіне хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтардың көбі медициналық көмектің сапасына оң баға береді
Белгілі бір медициналық ұйымның және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі - халықтың медициналық көмекке қанағаттануын бағалау, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
LRT жобасы: Сығанақ көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
LRT желісінің жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Елде рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады
Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда митинг өткізуге кім рұқсат береді?
Алмалы ауданының тұрғыны қала әкіміне митингке рұқсат беруі, бермеуі Конституцияға қайшы екенін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді мұғалімдер біліктілігін жаңа форматта арттырады
Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министр жауабы: Жекеменшік мектептерге хиджабпен келуге рұқсат бар ма?
Бұл сұраққа үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жамбыл облысында 50 мыңға жуық вейп жойылды
Жамбыл облысында 171 млн теңгеден асатын 50 мыңға жуық вейп жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Тәрбиелеуіміз керек”: Дүйсенова жәрмеңкені тас-талқан еткендер жайлы
Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тәжік жәрмеңкесідегі қазақстандықтардың әрекеті жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Алтын тобылғы» байқауы жас қаламгерлерді қолдайды
«Алтын тобылғы» әдеби байқауы үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр жауабы: Астанаға келушілердің саны қалай шектелмек
Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанаға келетін халық саны реттелетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰҚШҰ аясында Қазақстан Беларуське 11 сарбаз жіберді
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оқу-жаттығуына қатысу үшін Қарулы күштердің 11 сарбазы Беларуське кеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада ер адам кісі өлтіріп, автобусқа мініп кетіп қалған
26 тамыз күні түстен кейін Уәлиханов көшесіндегі «Артем» сауда үйінің маңында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық ғалымдар улы заттарды ыдыратудың тың әдісін ойлап тапты
Ғалымдар улы заттарды ыдыратудың тың әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр Ақмоладағы 45 сарбаздың қандай ауру жұқтырғанын айтты
Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Көкшетаудағы сарбаздардың инфекция жұқтыруына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы тұрғыны мұғалімдердің Швейцарияға баратынына наразы
Бізде Финляндия, Швейцария және Сингапурдағыдай үздік 150 мектеп бар ма?
-
Ұлттық қорда алдағы 3 жылда қанша ақша болады?
Бұл жайында Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Променад» сауда орталығы қашан қолданысқа беріледі
Алмалы ауданының тұрғыны Алматы қаласының әкіміне қаңтар оқиғасынан зардап шеккен «Променад» сауда орталығының неге әлі қолданысқа берілмей жатқанын сұрады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет ел экономикасының алдағы үш жылына болжам жасады
Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ұрады". Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақстандық көмек сұрады
"НемолчиKZ" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Калькуттадан қарағандылық қыз көмек сұрағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Күнбағыс тұқымын сатудан кім пайда табады
Саланың сарапшылары Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстелде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда балаларды оңалту орталығының құрлысы қашан басталады
Алматыдағы үйсіздердің мекеніне айналған бұрынғы теміржол ауруханасының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде долллар мен еуро бағамы тағы өзгерді
Ұлттық банк 29 тамызға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көлік үшін 50 мың: Жетісулық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді
Әр көлік үшін 50 мың теңге пара алып отырған ненеунік ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституцияны жатқа білетін студент тегін оқуға сертификат алды
Алқылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі «Мен Конституцияны жатқа білемін!» конкурсын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын (US Open) жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
-
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
29 тамызда сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл басынан бері 303,3 мыңнан астам азамат жұмысқа орналастырылды
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында жастарды жұмыспен қамту бойынша кешенді жұмыс істеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнет жасы мен жәрдемақы: Әлеуметтік салада не өзгерді?
Елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында әлеуметтік салада да бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтсақ, ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін өсіп, аналарымыз бен апаларымыз 2028 жылға дейін зейнетке 61 жасында шығатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Смайылов полиция жұмысын цифрландыру барысымен танысты
Премьер-министр Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігінде болып, қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану, жалпы полиция жұмысын цифрландыру барысымен және жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
30 тамызда ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді
Конституция күнін мерекелеуге байланысты елде Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 30 тамызда азаматтарды қабылдамайды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
-
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК республика қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
29 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райына болжам
«Қазгидромет» РМК ел аймақтарында 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығының аумағына 51 құлан жіберіледі
Елімізде Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру үшін арнайы бағдарлама қабылданды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру үшін 2024-2026 жылдар аралығында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығына 51 құлан жібермек, деп хабарлайды BAQ.KZ inform.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматы халықаралық әуежайында туристермен тоғыз тілде сәлемдеседі
Алматы қаласының туризм басқармасы Алматы халықаралық әуежайымен және ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, қаладағы туристік тәжірибені жақсарту аясында әзірленіп, жаңартылған ұшу аймағын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда жүрек талмасына ұшырайтындар саны 13% азайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл басынан бері қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы 12%, жіті миокард инфарктісі 4,6%, стенокардия 10%, инсульт 13,5% төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім беру қашан басталады?
Алматы аудандарының аумағын дамыту және абаттандыру бойынша өтінімді қабылдау 1 қыркүйектен басталып, 2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Ертіс орманындағы» ғылыми зерттеуден кейін 81 дәрілік шөп анықталды
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ қызметкерлері «Ертіс орманы» резерватының аумағында 2023 жылдың 5 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүргізілген ғылыми зерттеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
-
Ғалымдар денге безгегіне қарсы күрес тәсілін тапты
Ең қызығы, бұған осы вирусты тарататын масалар тоқтатылуына да көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пара хоккейден қысқа метражды фильм жарыққа шықты
Пара хоккейден 2022 жылы алғаш рет әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасы жайлы қысқа метражды фильмнің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Алматыда 250 мың доллар салынған сейф ұрланды
Алматы полициясының қызметкерлері 250 мың АҚШ доллары бар сейфті ұрлады деген күдікпен Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх