«Променад» сауда орталығы қашан қолданысқа беріледі

29 Тамыз 2023, 10:39
792
Бөлісу:
«Променад» сауда орталығы қашан қолданысқа беріледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алмалы ауданының тұрғыны Алматы қаласының әкіміне қаңтар оқиғасынан зардап шеккен «Променад» сауда орталығының неге әлі қолданысқа берілмей жатқанын сұрады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

Спорт сарайының жанында орналасқан «Променад» сауда орталығының тағдырын білгім келеді. Қаңтар оқиғасынан кейін жабылғанына бір жарым жыл өтті. Дегенмен әлі ашылмады. Қай уақытта қолданысқа берілетіндігі жайлы ақпаратты да естімедік. Бұл сауда орталығын жаңарту ойларыңызда барма? Осы жайлы айта кетсеңіз, – дейді қала тұрғыны. 

Қала әкімі алдағы уақытта бұл ғимараттың орынан жаңа нысан бой көтеріп, ғимараттың қолданысқа берілетінін атап өтті.

Маған «Променад» сауда орталығының басшылары жаңа жобаларын көрсетті. Бұл жерде үлкен тамақтану орталығы ашылмақ. Сыртқы келбеті Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы мен Орталық стадионның жанында орналасқандығына байланысты өзгереді. Туристер мен қала тұрғындарына жаңа ғимарат ұнайды деген сенімдемін. Ал әлі күнге дейін ашылмағанына келер болсақ, Қаңтар оқиғасынан кейін қауіпсіздік пен сапаға мән беру керек болды. Келесі жылдан бастап жөндеу жұмыстары басталады деген үміттемін, – дейді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы