Мусин жер иелеріне қатысты жаңа платформаның іске қосылғанын айтты

29 Тамыз 2023, 15:05
552
Бөлісу:
Мусин жер иелеріне қатысты жаңа платформаның іске қосылғанын айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мусиннің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «minerals.gov.kz» платформасын іске қосылды.

Платформа жер қойнауын игеруге мүдделі инвесторлар мен бизнеске қолайлы жағдай туғызуда. Бүгін геологиялық зерттеу нәтижелері бар жерлер туралы ақпарат пен қолданыстағы келісімшарттар жүйеге енгізілді. Бүгін жалпы саны 57 мыңнан тұратын қосалқы есептің 39 мыңы цифрлық нұсқада қолжетімді. Осы жылдың соңына дейін бастапқы геологиялық есептерді алу мүмкіндігін беретін функциясы әзірленетін болады, - деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ ведомство басшысының атап өтуінше, платформада қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мақсаттағы жер, су қорлары, мал қорымдары, зираттар және өзге де тыйым салынатын аумақтардың тобы жинақталған.

Бұл кем дегенде 60 картографиялық қабат жөніндегі ақпарат. Деректердің «актуалдығын» сақтау мақсатында осы жылдың соңына дейін платформада салалық мемлекеттік органдардың арнайы автоматтандырылған жұмыс орындары қосылады, - деді Цифрлық даму министрі.

Өзгелердің жаңалығы