Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады

29 Тамыз 2023, 09:24
391
Бөлісу:
Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады
Фото: Sports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы АҚШ ашық чемпионатын (US Open) жеңіспен бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған украиналық Марта Костюкке қарсылас болды.

Бірінші партияда Рыбакина 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Костюк есепті қысқартты, алайда қазақстандық спортшы сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2. Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1,.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті,  - делінген теннис федерациясының хабарламасында

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 122-ракеткасы, венгриялық Панна Удварди немесе рейтингте 127-сатыдағы аустралиялық Айла Томляновичтің бірімен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы