Күнбағыс тұқымын сатудан кім пайда табады

29 Тамыз 2023, 10:19
764
Бөлісу:
Күнбағыс тұқымын сатудан кім пайда табады
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Саланың сарапшылары Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстелде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Негізгі тақырыптың бірі Қазақстандағы майлы дақылдар нарығы туралы болды. Атап айтқанда, мәселе күнбағыс тұқымын әкетуге арналған қолданыстағы баж туралы болып отыр. АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметовтың пікірінше, экспорттық кедендік баж отандық май зауыттарының жүктелуіне ықпал етеді, осылайша күнбағыс майы сияқты әлеуметтік маңызы бар өнімнің жеткілікті өндірісін қамтамасыз етеді.

Егер өңдеуші күнбағыс тұқымын фермерден тиісті бағамен алмаса, онда олар кедендік баждарды төлей отырып, оларды экспортқа жібере алады. Бұл шектеулер не үшін енгізілді? Тұқымға үлкен сұраныс болғандықтан, олар қажетті мөлшерден көп шығарылу қаупі туындайды. Бұл шешім азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты болды, өйткені өсімдік майы-әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің тізіміне кіреді, - деді Шаймерден Ахметов

Сонымен қатар, бұл шара тыйым салыну немесе тиімсіз болмайды.

Статистика мәліметтері бойынша соңғы екі айда шамамен 18-20 мың тонна күнбағыс тұқымы экспортталып отыр, - деп толықтырды Ахметов.

Ол сондай-ақ кедендік баж салығын белгілеу өндіруші мен қайта өңдеушілердің мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететінін атап өтті.

АШМ өкілінің пікірімен Қазақстанның майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының басшысы да келісті. Ядыкар Ибрагимовтың айтуынша, күнбағыс майының экспорттық бажына шағымданатын қазақстандық фермерлер бірінші кезекте трейдерлер мен қайта сатып алушылардан зардап шегеді.

Біз трейдерлердің қызығушылығын көріп отырмыз. Күнбағыс тұқымын сатудан ақшаны кім табады? Тек алып-сатушылар. Сұр схемаларды кім жасайды? Тек алып-сатушылар. Шілде айының ортасында фермерлерде күнбағыс тұқымының қалдықтары шамамен 100 мың тонна болды. Бұл мұның бәрі нарық ішінде қайта өңделіп жатқандығының айқын көрсеткіші және елде үлкен өтпелі қалдықтар жоқ, - деп атап өтті  Ядыкар Ибрагимов.

Сондай-ақ, қауымдастық басшысы өндірушілер Қазақстанды күнбағыс майымен қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыра алғанын атап өтті. Фермерлер мен май өндірушілердің басты міндеті - дайын өнім көлемін ұлғайту және көрші нарықтарға күнбағыс тұқымын емес, майды жеткізу.

Айта кетейік, бүгінде республикада 54 кәсіпорын жұмыс істейді, олар өткен жылдың қорытындысы бойынша 537,1 мың тонна май шығарды.

Қазір күнбағыс экспорты кезінде тоннасына 20% немесе 100 Еуро баж салығын алады. Бұл шара күнбағыс майын өндіруді арттыруға ықпал етті. 2023 жылдың 6 айында май зауыттары 253 мың тонна шығарды. Қазақстан 146,1 мың тонна отандық өнімді экспорттады, 2022 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті. Сонымен қатар, импорт қысқарып, елге 38,7 мың тонна май жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы