190 мыңнан астам абитуриент колледждерге оқуға түсті

29 Тамыз 2023, 16:12
850
Бөлісу:
190 мыңнан астам абитуриент колледждерге оқуға түсті
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлығы 190 мыңнан астам абитуриент колледждерге оқуға түсті. Оның ішінде 133 мың жас мемлекеттік білім беру тапсырысы, 10 мың студент кәсіпорындардың өтінімі негізінде қабылданды. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды.

Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика, медицина бағыттары қамтылған. Атап өту керек, осы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды.

Бұдан басқа, 75 мың абитуриент квоталық санат бойынша оқуға қабылданды. Еске салайық, колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен өсіру қарастырылған. Жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50 %-ға, 2024 жылы 100 %-ға дейін арттырылады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге әлеуметтік қолдау – шәкіртақы, тамақ және жолақы беріледі. Сонымен қатар, студенттерге белгілі бір мамандықты таңдай отырып еңбек нарығына шығу үшін 3 біліктілікке дейін алу мүмкіндігі беріледі.

Өзгелердің жаңалығы