Жамбыл облысында 50 мыңға жуық вейп жойылды

29 Тамыз 2023, 12:03
665
Бөлісу:
Жамбыл облысында  50 мыңға жуық вейп жойылды

Жамбыл облысында 171 млн теңгеден асатын 50 мыңға жуық вейп жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті сот үкімін орындау аясында қомақты көлемдегі вейптерді жою жұмыстарын жүргізді.

Құрылғылардың жалпы саны 171 млн теңгеден астам сомаға 49,5 мыңнан астам вейп болды.

Ел аумағына вейптердің заңсыз әкелінуіне және айналымына қарсы күрес аясында Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдауда, нәтижесінде ағымдағы жылы тек Жамбыл облысында осыған ұқсас 3 факті анықталды, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Тәркіленген вейптердің жалпы саны шамамен 350 млн теңгеге жуық 175 мың дана болды.

Қылмыстық істер бойынша үкім шығарылғаннан кейін департамент аталған вейптерді жою шараларын қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы