Астанада ер адам кісі өлтіріп, автобусқа мініп кетіп қалған

29 Тамыз 2023, 11:30
1174
Бөлісу:
Астанада ер адам кісі өлтіріп, автобусқа мініп кетіп қалған
Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

26 тамыз күні түстен кейін Уәлиханов көшесіндегі «Артем» сауда үйінің маңында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық полицияның жеке құрамы бірден қылмыскерді іздеуге жұмылдырылды. Екі ер адамның арасында кикілжің туындап, арты төбелеске айналған. Төбелеске қатысушылардың бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кеткен. Жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

Қылмыстың куәгері полицейлерге күдіктінің қай бағытқа қашып кеткенін айтқан. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа мінгенін және оның бағытын анықтаған, - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктіні патрульдік полиция қызметкерлері Лесозавод ауданында ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Астана қаласының полиция департаменті қылмыскерді табуға көмектескен елорда тұрғындарына алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы