Тұруға арналмаған жерді жалға бергендер жазаланады - министр

29 Тамыз 2023, 19:01
1967
Бөлісу:
Тұруға арналмаған жерді жалға бергендер жазаланады - министр
Фото: автордан

Тұруға арналмаған орынды жалға беріп жүргендерге жауапкершілік күшейеді. Еңбек министрлігінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең үкіметте Еңбек министрі Астанаға келушілерді реттеу қажет деп мәлімдеме жасаған еді. Алайда министрліктің өзінде өткен брифингте сұрақты дұрыс түсінбегенін, шектеудің болмайтынын айтты.

Шектеуге қатысты тоқталайын. Астанада тұруға, келіп-кетуге шектеу жоқ. Мұндағы шектеу тек адам тұруға арналмаған ғимаратты жалға бергендерге қатысты болады. Мысалы, гараж. Оны жалға алып тұрғандар бар. Оған (адамды) тіркеуге алынбайды. Осы нысанды жалға берген адамның жауапкершілігін күшейту туралы ұсыныс жасалды: айыппұл мөлшерін 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке (51 750 теңгеден 103 500 теңгеден) дейін көтеру, - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін министр Астанаға келушілерге ешқандай шектеу қойылмайтынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы