Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

29 Тамыз 2023, 09:18
672
Бөлісу:
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
Фото: Арман Мухатов - архив

29 тамызда сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның мақсаты, жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, - делінген Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәлімдемесінде.

Өзгелердің жаңалығы