Үкімет ел экономикасының алдағы үш жылына болжам жасады

29 Тамыз 2023, 10:34
1121
Бөлісу:
Үкімет ел экономикасының алдағы үш жылына болжам жасады
Фото: Үкімет

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Болжам халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі бойынша күтулерін, сыртқы нарықтардағы конъюнктураны ескере отырып қалыптастырылды. ХҚҰ болжамдарына сәйкес әлемдік экономика 2024 жылы 3% деңгейінде өсетін болады. Консенсус-болжамға сәйкес, 2024 жылы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 80 доллар болады, - деді Қуантыров.

Оның сөзінше, сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты дамудың үш сценарийі қаралды.

Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасын барреліне 80 доллар деңгейінде алу ұсынылады. Болжам бойынша 5 жыл ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 5,8%-ке жетеді. Инфляция 2024 жылы 6-8%, 2025 жылы 5,5-7,5% деңгейінде айқындалды, кейіннен 2026–2028 жылдары 5%-ке дейін төмендейді. 2024 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,3%, кейін 2028 жылы 6%-ке дейін өседі. Номиналды ЖІӨ 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы