Көлік үшін 50 мың: Жетісулық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

29 Тамыз 2023, 09:49
1066
Бөлісу:
Көлік үшін 50 мың: Жетісулық  шенеунік пара алды деген күдікке ілінді
Фото: Нұркен Алишев - архив

Әр көлік үшін 50 мың теңге пара алып отырған ненеунік ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті.

Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңге, - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы