LRT жобасы: Сығанақ көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

29 Тамыз 2023, 13:17
461
Бөлісу:
LRT жобасы: Сығанақ көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

LRT желісінің жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 29 тамыздан бастап Сығанақ көшесіндегі «Номад» ТК-дан Ақмешіт көшесіне дейін (Еуропа палас ТК) оңтүстік жағымен (көпірге қарай бағыт) қозғалыс шектеледі. Бұл ретте Сығанақ көшесін Сауран және Ақмешіт көшелерімен кесіп өтуге болады.

LRT жобасы: Сығанақ көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

Өзгелердің жаңалығы