Сыр өңіріндегі ауылда жаңа спорт кешені пайда болды

29 Тамыз 2023, 15:49
4294
Бөлісу:
Сыр өңіріндегі ауылда жаңа спорт кешені пайда болды
Фото: «Самұрық-Қазына» қоры

Қызылорда облысы Ақсуат ауылдық округі Маханбетов ауылының тұрғындары «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан 1504 шаршы метрлік жаңа спорт кешенін сыйға еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нысан салауатты өмір салты секцияларын ұйымдастыруға және спорт шараларын өткізуге арналған. Мұнда волейбол, шағын футбол, баскетбол алаңдары жабдықталған және де теннис корты, күрес алаңы, екі жолақты жүгіру жолы бар.

Жалпы қор Қазақстанда бұқаралық және паралимпиадалық спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Мәселен өткен жылы Қордың қаржыландыруымен еліміздің ауылдық жерлерінде ауа-тірек құрылымындағы 6 спорт кешені іске қосылса, биыл Қостанай облысында толыққанды дене шынықтыру-сауықтыру кешенін қолданысқа тапсырылды. Қызылордадағы нысан биыл пайдалануға берілетін ауа-тірек құрылымындағы 5 кешеннің алғашқысы болып отыр.

Көпсалалы спорт кешенін Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «№5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ қарамағына беру жоспарлануда. Кешенді салу мен жабдықтау бюджеті 239 миллион теңгені құрайды.

Аталған жобаны өңірімізде жүзеге асырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қасиетті Сыр өңірінде тұрғындар жыл бойы спортпен шұғылданатын тағы бір еңселі спорт нысаны пайда болды. Президенттің тапсырмасы бойынша облыста спорттық инфрақұрылым дамып келеді, - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

«Samruk-Kazyna Trust» КҚ арқылы жүзеге асып жатқан қайырымдылық қызметінде соңғы 6 жылда Қызылорда облысында 1 млрд теңгеден астам қаржыға оңалту орталықтарын құру, түзету мектептерін жабдықтау, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және әмбебап спорт және ойын алаңдарын орнату бағыттарында 15 жоба іске қосылды. 

Тек 2022-2023 жылдары Қор Қызылорда өңіріне 600 балаға арналған оңалту орталығын, 7 санитарлық көлікті табыстап, 300 Ұлы Отан соғысы ардагері мен тыл еңбеккерін қамқорлыққа алды. «Мектепке жол» акциясы аясында биыл ғана Сыр аймағында 1830 бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. 

Алдағы уақытта Қызылорда қаласында «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқы» қорларының бірлесе қаржыландырумен ерте араласу орталығы ашылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы