“Тәрбиелеуіміз керек”: Дүйсенова жәрмеңкені тас-талқан еткендер жайлы

29 Тамыз 2023, 11:46
1250
Бөлісу:
“Тәрбиелеуіміз керек”: Дүйсенова жәрмеңкені тас-талқан еткендер жайлы
Фото: автордан

Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тәжік жәрмеңкесіндегі қазақстандықтардың әрекеті жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол мұндай әрекет өзге елдерде де кездесетінін айтады.

Жәрмеңкеде болған барлық қазақстандық өзін солай ұстаған жоқ. Белгілі бір адамдар тобы өзін басқаша ұстады. Сондықтан бізге өзімізді тәрбиелеу керек. Мұнай іс-әрекеттер өзге елдерде де кездеседі. Біз, қазақстандықтар ретінде өзіміздің имиджімізге жауап береміз,- деді ол.

Еске сала кетсек, 26 тамызда тәжіктер ұйымдастырған жәрмеңкені елордалықтар талан-таражға салған еді.

Өзгелердің жаңалығы