Министр жауабы: Жекеменшік мектептерге хиджабпен келуге рұқсат бар ма?

29 Тамыз 2023, 12:25
2899
Бөлісу:
Министр жауабы: Жекеменшік мектептерге хиджабпен келуге рұқсат бар ма?
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл сұраққа үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Бейсембаевтан жекеменшік мектептерде оқушыға хиджабпен келуге рұқсаты бар-жоқтығын нақтылап сұрады.

Барлық мектеп белгіленген заң аясында белгіленген тәртіп бойынша ұйымдастырылуы керек. Жалпы бізде мониторинг деген бар. Әрбір өңірде білім сапасын қамтамасыз ететін департаменттер бар. Олар барлық өңірдегі сапаның қамтамасыз етілуін қадағалап отырады. Сол кісілерден бізге дабыл түсіп жатса, олар қарап, сол бойынша шешім қабылдайды, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме, жоқ па?" деген сұраққа жауап бергенін туралы жазған  болатынбыз.

Еске сала кетсек, Талғат Рысқұлбек қызын хиджабпен оқытпаса, Шешенстанға көшетінін айтқан еді. Кейін ол қызын жеке меншік мектепке беретінін мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы