Мусин кәсіпкерлердің жұмысын қалай жеңілдеткенін айтты

29 Тамыз 2023, 15:13
895
Бөлісу:
Мусин кәсіпкерлердің жұмысын қалай жеңілдеткенін айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету бағытында қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз бизнес пен инвесторлардың өтінім беру, лицензия алу, есеп тапсыру сияқты процесстерін сараптап, оларға реинжиниринг жасап, цифрлық форматқа көшірдік. Нәтижесінде, аталған процесстер барысында орын алатын бюрократия, қағазбастылық пен табалдырық тоздыруды қысқаратын болады. Бүгін барлауға және өндіруге өтініш беру, шектеу салынған аумақтарды пайдалану фактісін тексеру, лицензияға қол қою, өтініштерді келісу немесе бас тарту және сотқа беру сияқты процестер автоматтандырылды, - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Ол лицензияларды беру үрдісін жеңілдету үшін мемлекеттік органдардың тисті ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізілетінін айтады.

Бастапқы сатыда жеке және заңды тұлғалардың деректер базалары, жеке деректерді бақылау қызметі мен бірыңғай дербес шоттар ақпараттық жүйелері қосылды. Алдағы уақытта, екінші деңгейдегі банктермен төлемдерді жүзеге асыру, аукциондар өткізу, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бақылау сияқты ақпараттық жүйелер қосылатын болады, - деді Бағдат Мусин.

Мусиннің дерегінше, бүгінгі таңда 58 620 контур цифрландырылды. 

32 890 есеп картамен байланыстырылған болса, платформа пайдаланушыларының жалпы саны 1519-ға жетті. Барлау мен өңдеуге 315 электрондық өтінім берілген. Жалпы осы жұмыс одан әрі жалғастырылатын болады, - деді ол. 
 

Өзгелердің жаңалығы