Все новости за 8 маусым 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 маусымда шамамен сағат 18:35-те Жәңгір хан көшесі бойында қайғылы оқиға орын алған.
-
Шоранов ШЫҰ форумы аясында шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкенттегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің бесінші кеңесі аясында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесу өткізді.
-
Шетелдік әйелдің пәтерінен 40 кг жуық есірткі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда Иран азаматшасынан 39 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Антикор қызметкері 7 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.
-
Еліміздің ұлттық спорт өкілдері Ыстанбұлға аттанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.КZ тілшісі. Еліміз ұлттық спортының бір топ өкілі Түркияның Ыстамбұл қаласында 9-12 маусым аралығында өтетін V Этноспорт мәдени фестиваліне аттанды.
-
Қазақстан-Франция іскерлік ынтымақтастығы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚР «Alstom» компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймағы бойынша басшысы Эндрю Делеонимен кездесу өткізді.
-
Қайсар Жұмабайұлы жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайсар Жұмабайұлы Президент Іс басқарушысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
-
Премьер-министр шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы қарсаңында Премьер-министр Әлихан Смайылов General Electric және Citigroup компанияларының, сондай-ақ Азия даму банкінің басшыларымен кездесті.
-
Елордада "Мерейлі Отбасы" байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы институтын арттыруға бағытталған "Мерейлі отбасы-2022" ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Әскери инфрақұрылымды жетілдіру – басты міндеттердің бірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен аудандық пайдалану бөлімдері мен жол пайдалану учаскелері бастықтарының жиыны өтті.
-
Атеросклероздың қалай алдын алуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында әлемдегі және Қазақстандағы атеросклероз бен кардиологияны зерттеу саласындағы мамандардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
-
Ақша ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда Е. есімді азамат Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3- бөлігінің 3- тармағымен кінәлі деп танылып, екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
-
Шөкеев: Түркістанды қоғамдық келісім мен бірліктің үлгісі ретінде дамытуымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінің ғимаратында «Түркістан – татулық пен бірлік бесігі» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясы өтті.
-
Жаңақала ауылында жібек құрты қаптады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орманшылар Григорьевка ауылдық округіне қарайтын Жаңақала ауылында жібек құрты қаптағанын айтып дабыл қағуда деп хабарлады turkystan.kz.
-
Смайылов Беларусь Республикасының бірінші вице-премьерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Беларусь премьер-министрінің бірінші орынбасары Николай Снопковпен кездесу өткізді.
-
Ұлттық экономика министрі Азия даму банкінің өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда Әлібек Қуантыров АДБ вице-президенті Ашок Лавасамен кездесу өткізді.
-
Отыз мыңға жуық қазақстандық «қолжетімді спортпен» айналысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы мен қолдауының арқасында 2022 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның 7 қаласында «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асты.
-
Сенатта мәдениет саласын қолдаудың проблемалық мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен кездесті.
-
Оң өзгеріс болады. Аймағамбетов өзі басқарып отырған министрлікті екіге бөлу туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілістің кулуарында министрлікті екіге бөлуге қатысты қойылған сұраққа жауап берді.
-
Екінші нарықтағы пәтер бағасы 30 пайызға жуық қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір жылда (2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,3% өсті.
-
Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
-
Ақтөбе облысында егін егу жұмыстары аяқталуға жақын
Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде мамыр айы жауын-шашынды болды. Соның салдарынан шаруалар жерге дән себе алмай, біраз әбігерге түсті.
-
Қарин жақында өтетін құрылтайдың маңыздылығын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин жақында өтетін құрылтайдың маңыздылығын атады. Бұл туралы Telegram арнасында жазды.
-
3 сағатта робот машина құрастырдық – мектеп оқушысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп оқушылары 3 сағатта робот машина құрастырды. «INFOMATRIX – ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар жарысының жеңімпазы Ерасыл Қайыпов б роботты қалай жасағанын түсіндірді.
-
Алматыда автокөліктерді тонап келген қылмыстық топ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы бөтеннің катализаторларын ұрлаған қылмыстық топты ұстағандарын мәлімдеді.
-
Инфекциялық емес ауруларды азайту жолдары белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Денсаулық» ұлттық қауымдастығының өкілі мәлімдеді.
-
Тоқаев трансұлттық компанияның басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев трансұлттық компанияның басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.
-
Шоранов медициналық көмектің дамуы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің бесінші кеңесінің жұмысына қатысуда.
-
Мемлекет басшысы мәслихаттардың міндетін анықтайтын заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Маңғыстауда су тапшылығын жою үшін 9 жоба жүзеге асырылады
Маңғыстау BAQ.KZ.тілшісі Жаз келсе болды Маңғыстауда ауыз су мәселесі басталады. Өңірдегі екі су тұщыту зауытының қуаты халықты сумен толық қамтуға жетпей отыр. «Маэк-Қазатомөнеркәсіп» күніне 52 мың текше метр ал «Каспий» су зауыты 20 мың текше метр су өндіреді.
-
Жас ғалымдар философия докторы дәрежесіне ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ PhD докторларына жеке үлгідегі дипломдарды табыстайды. Соңғы бес жылды университетте 238 докторлық диссертация қорғалған.
-
Жыл сайын экологиялық проблемалардан 13 млн адам қайтыс болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Денсаулық» ұлттық қауымдастығының өкілі мәлімдеді.
-
Азаттық үшін күрес баршамыз үшін құнды – Әбдіғалиұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына арналған «Хан Кенеге құрмет» шарасын ұйымдастырды.
-
Грекияда теңіз түбі 23 тоннадан астам қоқыстан тазартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сүңгуірлер Грекиядағы Ион теңізіндегі Итака аралының түбінен 23 тоннадан астам қоқыс алып шықты. Бұл туралы BBC News хабарлады.
-
Ішімдік ішіп рөлге отырғандарды жауапқа тарту керек – заңгер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мас күйінде көлік жүргізу тыйылмай тұр. Алматыда 78 адам жүргізуші куәлігмен өмір бойына қоштасты. Заңгер Кәмшат Есмұхамедқызы масаң күйде көлік жүргізуді әдетке айналдырғандарға қатысты жазаны қатаңдатып, тіптен қылмыстық жауапқа тарту қажет деп санайды.
-
Kaspi - депозиттер өсімі бойынша көшбасшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айында қазақстандықтардың Kaspi-дегі жинақ ақшасы 120,1 млрд теңгеге көбейген. Kaspi-дегі депозиттердің жалпы мөлшері 2,6 трлн теңге.
-
Елдің оңтүстігінде ауа райы жаңбырлы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылдың 09-11 маусымына арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" жариялады.
-
34 млн теңге бюджетке түспеген – Антикор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антикор 34 миллион теңге сомасында мемлекеттік баж салығы бюджетке түспегенін анықтады.
-
Бруней тарихында бірінші рет әйел министр тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах үкіметте кадрлық өзгерістер жасап, тарихта алғаш рет минист қызметіне әйел адамды тағайындады деп хабарлайды ТАСС.
-
Екібастұз қаласында мектеп өртенді
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Екібастұз қаласындағы №24 мектеп-гимназиясы отқа оранды. Алдын ала болжам бойынша өрт дәнекерлеу жұмыстары барысында пайда болған.
-
Алматыда тұрғын үй сертификатының мөлшері 1,5 млн теңгеге ұлғайды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында тұрғын үй сертификаттарының жаңа мөлшері бекітіліп, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары айқындалды.
-
Бас прокурордың орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жандос Өмірәлиев Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі мас жолаушының пәтерін тонап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен елорда аумағында жеке тасымалдаумен айналысқан 41 жастағы Тәжікстан азаматын ұстады.
-
Хиджаб проблемасы. Формаға байланысты мектепке бармай жүргендер мәселесі онлайн оқу арқылы шешілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен журналистер мектептегі хиджаб мәселесіне қатысты сұрады.
-
Түркістанда қаржы пирамидасына 80 млн теңгеден астам қаржы тартылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті «Не работа» атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізуде.
-
Ғалымдар Баум тоғайын сақтау үшін ескі ағаштарды кесуді ұсынды
Алматы, BAQ.KZ. «Медеу» мемлекеттік аймақтық табиғи саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген баспасөз туры барысында журналистерге ерекше қорғалатын әрі табиғи аумақ болып табылатын Баум тоғайының экожүйесін зерттеу нәтижелері таныстырылды.
-
Колумбияда алтын қазына табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбия жағалауында алтын қазына табылды. Монета, көне зеңбірек пен ыдыс-аяқтан тұратын құнды жәдігер осыдан 300 жыл бұрын суға батқан кемеде болған, деп жазды «Хабар 24».
-
Петропавлда 1,4 млрд теңге жалған шот-фактуралар жасаған қылмыстық топ құрықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші деңгейлі банктердің қаражатын жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті анықтады.
-
Сенаторлар сақтандыру нарығын дамыту туралы заң жобасын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Депутаттар сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын реттеу мен дамытуға, сондай-ақ банк қызметіне қатысты заң жобасын талқылады.
-
Прокурорлар, министрлер, агенттік басшылары. Шетке кеткен ақшаны кім қайтарады?
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Президенттің экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Жарлығының толық мәтіні жарияланды.
-
БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-10 маусым аралығында Орталық Азия бойынша турне аясында БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Әмина Мұхаммед Қазақстанға тұңғыш ресми сапармен келеді, деп хабарлады Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі.
-
Жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізушілер куәлігінен айырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
-
Жабылып қалған ЖОО-дан студенттерді ауыстыру міндетін орындамағандар жауапқа тартылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
-
Жауынгерлер өліміне армия ғана кінәлі емес – Қорғаныс министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскердегі сарбаздар өлімінің жиілеуіне байланысты пікір білдірді.
-
Абай облысы мәслихатының хатшысы сайланды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Абай облысы мәслихатының алғашқы сессияның отырысы өтті. Бұл туралы Абай ақпарат телеграм-каналы хабарлады.
-
Конституциялық реформа: Референдум нәтижесі және заң мәтіні
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. «Республикалық референдум туралы»Конституциялық заңның 31 және 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды:
-
Былтыр 151 мыңнан астам отбасы баспаналы болды – Үкімет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Ол 2021 жылы 151 мыңнан астам отбасы баспаналы болғанын айтты.
-
2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеруге қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді.
-
Футболдан Ұлттар лигасында Германия мен Англия тең түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші турдың үшінші ойын күні өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Депутат қаржы пирамидаларының жұмысын дер кезінде тоқтатпаған агенттікті сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дания Еспаева Қаржылық мониторинг агенттігінің жұмысын сынға алды.
-
Қошанов сұраққа қазақ тілінде жауап бермеген басшыға ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында палата басшысы Ерлан Қошанов Қаржы мониторингі агенттігінің өкіліне қазақша сұраққа қазақ тілінде жауап бермегені үшін ескерту жасады.
-
Қазақстанда болу ережесін бұзған 800-ден астам шетелдік жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында Қазақстанда болу ережесін бұзған 800-ден астам шетелдік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қаржы пирамидаларын жарнамалағандар қылмыстық жауапқа тартылады
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қаржы пирамидаларына қатысты заңды қарады. Депутат Юрий Ли заңның негізгі мақсатын түсіндіріп берді.
-
Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қатысты заңды мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
-
11,2 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 17,8 мыңнан астам қазақстандық, оның ішінде 11,2 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды.
-
Ерлан Қошанов: Бірлік пен сенім – жаңа Қазақстанның негізгі тірегі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов референдумның қорытындысына қатысты ойын айтты.
-
Бүгін Мемлекет басшысының үш облысты құру туралы Жарлығы күшіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысының Абай, Жетісу және Ұлытау облысын құру туралы Жарлығы күшіне енді.
-
Оралдық полицей суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралдық полицей суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Бала күтушісі жұмыс берушілерінен 3 мың доллар ұрлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, үй иелерінен ақша қаражатын ұрлады деген күдікпен күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады, деп хабарлады қалалық ПД.
-
Нұржігітов: Ерекше қажеттілігі бар балаларға сапалы қызмет көрсетуге тиіспіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды.
-
Әлем: Энергетикалық дағдарыс: АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Украинадағы шиеленіс басталғалы әлемде энергетикалық дағдарыс туындады. Қуат көздері күрт қымбаттап барады. Әсіресе бұл жағдай Еуропада қатты байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өскеменде жол ережесін 84 рет бұзған көлік жүргізушісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Өскеменде жол ережесін 84 рет бұзған көлік жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қазақстандық қос теннисші Еуропадағы турнирді сәтті бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Еліміздің бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик сәтті ойын бастады, деп хабарлайды olympic.kz.
-
Ақбауыр, Шілікті алқабы және Елеке Сазы қорғандарында археологиялық қазбалар жалғасады – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. ШҚО-дағы Ақбауыр, Шілікті алқабы және Елеке Сазы қорғандарында археологиялық қазбалар жалғасады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.
-
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасының қандай болатынын хабарлады.
-
Бүгін бірқатар өңірде қатты ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Сәрсенбі күні 5 өңірде қатты ыстық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Алматыда жеңіл көлік әскери «КамАЗ»-дың астына кіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Алматыда жеңіл автокөлік әскерилер мінген КамАЗ-бен соқтығысты, деп хабарлады sputnik.kz.
-
Францияда бір апта ішінде жанар-жағармай құны күрт өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Бұл туралы мәліметті осы елдің экологиялық қайта құру министрлігі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау 20 маусымда басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Биылғы 20 маусымнан бастап қазақстандықтар «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады.
-
Түркістан облысының полицейлері көкнардың ірі егістігін жойды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. 1 маусым мен 31 қазан аралығында Түркістан облысының аумағында полиция қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның мақсаты есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы деректерін анықтау, есірткіні жеткізу арналарын жабу және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу.
-
Шымкентте алаяқтар жалға алынған көлікті ломбардқа өткізіп келген
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Шымкентте алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Олар қымбат көліктерді тауып, ломбардқа өткізіп, 40 миллион теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қазақстан Елшісі Словакия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Словак Республикасының Президенті Зузана Чапутоваға сенім грамоталарын тапсырды.
Наверх