Қазақстан Елшісі Словакия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

8 Маусым 2022, 00:44
1446
Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Словакия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Словак Республикасының Президенті Зузана Чапутоваға сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында Елші қазақстандық-словак ынтымақтастығын жан-жақты дамытуға және екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-қимылын тереңдетуге дайындығын растады.

Дипломат Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бойынша өткен республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етіп, оның нәтижелері демократия, заң үстемдігі қағидаттары мен азаматтық қоғам институттарын нығайтуға қызмет ететінін баса айтты.

Президент З. Чапутова Словакия мен Қазақстан арасындағы саяси диалогты дамытудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы