Екібастұз қаласында мектеп өртенді

8 Маусым 2022, 14:40
1224
Бөлісу:
Екібастұз қаласында мектеп өртенді

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Екібастұз қаласындағы №24 мектеп-гимназиясы отқа оранды. Алдын ала болжам бойынша өрт дәнекерлеу жұмыстары барысында пайда болған.

Қызыл жалын күрделі жөндеу жұмыстары барысында тұтанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде пластикалық терезелер мен есіктер, құрылыс заттарын жанып жатқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Өрт бірінші қабаттағы кабинеттердің бірінде тұтанған. Оқиға орнынан 40 адам сыртқа шығарылды. Тілсіз жау 40 шаршы метрлік аумақты шарпыды, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау департаменті бастығының орынбасары Оразбек Уәлиханов. 

Мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары «Заманауи мектеп» бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатыр. Жоба шеңберінде жылу жүйесін ауыстыру жүріп жатты. Мектеп басшылығының хабарлауынша, мердігер ұйымдар өз кінәларын толық мойындап, шығындарды өтеуге дайын. 

Айта кетейік, бұл – облыс мектептерінде тіркелген үшінші өрт оғиғасы. Жағдай жиілігіндіктен, төтенше жағдайлар департаменті білім беру нысандарында тек мемлекеттік тексеріс жүргізуді ұйғарды. Жауапты мекеме аудит шарасын тегін жүргізеді. Жыл басынан бері өңірдегі 308 мектеп өрт қауіпсіздігі бойынша тексерістен өтті. 

Жыл басынан бері 86 мектепті тексеруден тексере алмадық. Себебі, бұл объектілерде жекеменшік тексеріс жүргізіліп қойған. Тексерістер нәтижесінде 1800-ден астам бұзушылық анықталды. Эвакуациялау жолдарының дұрыс болмауы, автоматты өрт дабылының дұрыс істемеуі, электр сымдарының ретке келтірілмеуі сияқты олқылықтар бар, - дейді мамандар. 

Өзгелердің жаңалығы