Жабылып қалған ЖОО-дан студенттерді ауыстыру міндетін орындамағандар жауапқа тартылуы мүмкін

8 Маусым 2022, 12:22
1506
Бөлісу:
Жабылып қалған ЖОО-дан студенттерді ауыстыру міндетін орындамағандар жауапқа тартылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Президент тапсырмасын іске асыру үшін, әкімшілік жауапкершілікті көздей отырып, байланыс және интернет саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында әзірленді. 

Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақтың айтуынша, заң жобасында интернет сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмей, байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту ұсынылып отыр. Сөзінше, айыппұлдар сомасын ұлғайтылады.

Жұмыс барысында білім беру, қару айналымы және салық заңнамасы салаларында әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша  әкімшілік жазалау шараларын белгілеуге бағытталған түзетулер енгізілді. Мысалы, жоғарғы оқу орындары жабылған жағдайда білім алушыларды ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаса, құрылтайшылардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарды лицензиядан айыру жөніндегі функцияларды уәкілетті органға беру ұсынылады, - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нәзилә Раззақ.

Сонымен қатар билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту көзделген. 

Сондай-ақ лақтырылатын, аң аулайтын, белгі беретін қаруды және олардың құрамдас бөліктерін заңсыз иемдену, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.

Осы нормаларды енгізу рұқсатсыз іске асырылатын аталған қару түрлерінің орнын ауыстыруды бақылауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы