Шоранов ШЫҰ форумы аясында шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесу өткізді

8 Маусым 2022, 23:30
1408
Бөлісу:
Шоранов ШЫҰ форумы аясында шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкенттегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің бесінші кеңесі аясында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесу өткізді.

Осылайша, Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Джамолиддин Абдуллозодамен М. Шоранов ҚР мамандарының IT-технологиялар, жедел жәрдем,  медициналық-санитарлық алғашқы көмек, зертханалық қызмет мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету; Қазақстанның медициналық ұйымдарында тәжік азаматтарына кардиохирургия, трансплантология, нейрохирургия, балалар онкологиясы, экстракорпоралдық ұрықтандыру және т. б. қызмет бағыттары бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету мәселелерін талқылады.

Шоранов ШЫҰ форумы аясында шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесу өткізді

Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдары мен жоғары оқу орындарының базасында тәжік медицина қызметкерлері үшін медициналық мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мәселесіне тоқталды.

М. Шоранов ТР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрімен келіссөздер барысында Қазақстан үшін Орталық Азия елдерімен фармацевтикалық өнеркәсіп саласында кооперациялық жобаларды құру мәселелерін пысықтаудың маңызды екенін атап өтті.

Болашақта QAZCOVID-IN қазақстандық инактивтендірілген вакцинасын Тәжікстанның фармацевтикалық кәсіпорындарының бірінің базасында оны ДДСҰ танығаннан кейін шығару мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз, - деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Тәжікстандық әріптесімен  кездесу соңында М. Шоранов қазақстандық тараптың 2025 жылға дейінгі Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатқа қолдау көрсететін жол картасы жобасын әзірлеуге қатысуға тұжырымдамалық келісімін атап өтіп, оны пысықтау бойынша сараптамалық жұмыс тобын құру туралы ұсыныс айтты.

Жол картаның қабылдануы ОА мен Еуропалық ДДҰ мемлекеттері арасындағы ұлттық және субөңірлік деңгейдегі алшақтықты жоюдағы өзара іс-қимыл мен әріптестікті нығайтуға және ТДМ-ға қол жеткізуге ықпал етеді деп үміттенеміз, - деп атап өтті Марат Шоранов.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкомен кездесу өткізді.

Олар Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісім жобасын дайындау барысын талқылап, одан әрі өзара іс-қимыл мен кооперацияның бағыттарын айқындады.

Осылайша, ҚР ДСМ және РФ ДСМ Медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыруды; өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша денсаулық сақтау саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды; санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуді; фармацияда кооперациялық жобаларды құруды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы