Бруней тарихында бірінші рет әйел министр тағайындалды

8 Маусым 2022, 14:56
1504
Бөлісу:
Бруней тарихында бірінші рет әйел министр тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах үкіметте кадрлық өзгерістер жасап, тарихта алғаш рет минист қызметіне әйел адамды тағайындады деп хабарлайды ТАСС.

Ромайза Саллеха Білім министрі болып тағайындалды, – деп монарх алдағы төрт жылдағы жаңа кабинет құрамын жариялады. 

Сұлтан бұрынғыша негізгі лауазымдар Премьер-министрді, Қорғаныс министрін, Сыртқы істер министрін, Қаржы және сауда министрін сақтап қалды.  

Отставкаға Ішкі істер министрі Аван Абу Бакар, Бастапқы ресурстар мен туризм министрі Али Апон және Даму министрі Сухаими бен Гафар жіберілді. 

75 жасар Хассанал Болкиах 1967 жылдың қазанында сұлтан болып жарияланды. Бір жылға жуық уақыттан соң оған тәж кигізілді. Ал атқарушы билік оның қолына 1984 жылы өтті.    

Өзгелердің жаңалығы