Абай облысы мәслихатының хатшысы сайланды

8 Маусым 2022, 12:07
3489
Бөлісу:
Абай облысы мәслихатының хатшысы сайланды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Абай облысы мәслихатының алғашқы сессияның отырысы өтті. Бұл туралы Абай ақпарат телеграм-каналы хабарлады.

Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессия отырысында депутаттық корпустың бірауыз шешімімен мәслихат хатшысы қызметіне Сүлейменов Қуаныш Серқазыұлы сайланды.

Абай облысы мәслихатының сессиясының  күн тәртібі ұсынылған тақырыптар:

1. Абай облысы мәслихатының хатшысын сайлау туралы.

2. Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.

3. Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

4. Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы.

5. «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттары туралы.

6. Абай облысы мәслихатының регламентін бекіту туралы.

7. «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.

Күн тәртібі бойынша тиісті шешім қабылданды.
 

Өзгелердің жаңалығы