Қайсар Жұмабайұлы жаңа қызметке тағайындалды

8 Маусым 2022, 21:33
2505
Бөлісу:
Қайсар Жұмабайұлы жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайсар Жұмабайұлы Президент Іс басқарушысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

ҚТЖ-дағы жұмысым аяқталды. Бұл да бір үлкен тәжірибе. Теміржолшыларға, әріптестеріме көп рахмет. Жоспарланған жобалар сәтті іске ассын. Ал менің алдымда енді басқа міндеттер тұр. 6 маусымнан (дүйсенбіден) ҚР Президенті Іс басқарушысының кеңесшісімін, - деп жазды ол.

Қайсар Жұмабайұлының БАҚ және PR саласында тәжірибесі бар.

Әр жылдары Алматыдағы қалалық «Столичное обозрение» газетінде, «Шаһар» телерадио кешенінде, «Қазақстан» РТРК, «Хабар» агенттігінде, TSC-group инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінде жұмыс істеді. 

Кейін сол кездегі Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды.

Астана әкімінің кеңесшісі болды, елорда әкімдігіне қарасты «Елорда Аqparat» медиа-ресурсын басқарды.

Президент әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Тұңғыш Президент қорының стратегиялық коммуникациялар орталығында Перспективалық зерттеулер орталығының басшысы болып жұмыс істеді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болды.

Өзгелердің жаңалығы