Футболдан Ұлттар лигасында Германия мен Англия тең түсті

8 Маусым 2022, 11:45
1244
Бөлісу:
Футболдан Ұлттар лигасында Германия мен Англия тең түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші турдың үшінші ойын күні өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Бұл күнгі басты ойын А лигасы үшінші тобындағы Германия және Англия құрамалары арасында болды. Ойын барысында германиялық Йонас Кофман 50-минутта есеп ашты. Оған 88-минутта англиялық Гарри Кейн пенальтиден бір голмен жауап қайырды. Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. 

Германия екінші мәрте тең түссе, Англия алғашқы ұпайына қол жеткізді. Турнир кестесінде құрамалар үшінші және төртінші орынды місе тұтып тұр. Аталған топтағы тағы бір кездесуде Италия Венгрияны 2:1 есебімен сүріндірді. 

Үшінші ойын күніндегі өзге нәтижелер төмендегіше: 

В лигасы 3 топ Финляндия - Черногория 2:0 

Босния және Герцоговина - Румыния 1:0 

С лигасы 1 топ 

Фарер аралдары - Люксембург 0:1 

Литва - Түркия 0:6 

9 маусымда үшінші тур ойындары басталады.

Еске алсақ, аталған турнирде Қазақстан Словакияны жеңді.

Өзгелердің жаңалығы