Францияда бір апта ішінде жанар-жағармай құны күрт өсті

8 Маусым 2022, 04:31
1326
Бөлісу:
Францияда бір апта ішінде жанар-жағармай құны күрт өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Бұл туралы мәліметті осы елдің экологиялық қайта құру министрлігі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Super SP95-E10 маркалы бензиннің бір литрінің бағасы 2,066 евроны (953 теңгеден астам) құрайды. Өткен аптада бұл көрсеткіш 13,7%-ға аз болған еді. Дизельдің бір литрінің құны 13,3%-ға өсіп, 1,9615 евро (905 теңгеден астам) болды.

Бұл дизель отыны үшін 28 наурыздан бастап, бензин үшін 14 наурыздан бастап бағадағы ең үлкен секіріс болды. Сәуірде жанар-жағармай құны төмендеді, содан кейін ол апта сайын аздап өсуін жалғастырды.

Экологиялық қайта құру министрлігі жанар-жағармай статистикасын алғаш рет 3 маусымда ЕО Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетінің түпкілікті бекітілгені туралы хабарлағаннан кейін жариялады.

Өзгелердің жаңалығы