Ғалымдар Баум тоғайын сақтау үшін ескі ағаштарды кесуді ұсынды

8 Маусым 2022, 14:07
2731
Бөлісу:
Ғалымдар  Баум тоғайын сақтау үшін ескі ағаштарды кесуді ұсынды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. «Медеу» мемлекеттік аймақтық табиғи саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген баспасөз туры барысында журналистерге ерекше қорғалатын  әрі табиғи аумақ болып табылатын Баум тоғайының экожүйесін зерттеу нәтижелері таныстырылды.

Талдау және бақылау қорытындыларын Ботаника және фитоиндустрия институтының аға ғылыми қызметкері, дендролог Инга Бабай, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің директоры, академик Бұлқайыр Мәмбетов баяндап берді.

Баум тоғайында барлығы 104. мыңға жуық ағаш өседі. Оның ішінде 3311 ағаш апатты жағдайда немесе ескі, яғни жарамсыз. Бұл орманның шамамен 3,1%-ы.

Бұл – табиғи  процесс. Табиғи ормандарда орташа он жыл ішінде барлық ағаштың шамамен 5-10%-ы жарамсыз болып қалады. Алайда бұл жерде жасанды жағдайда тұрған ағаштарға арнайы мамандардың араласуы қажет. Мәселен, апатты ағаштар зең ауруына шалдыққан және оларды жақын арада кесіп тастамаса, алдағы он жылда барлық тоғайдан айрылып қалуымыз мүмкін, – деді академик Бұлқайыр Мәмбетов.

Ғалымдар  Баум тоғайын сақтау үшін ескі ағаштарды кесуді ұсынды

Бүгінде 37 187 ағашты қалпына келтіріп, емдеуді қажет етеді. Бұлардың ішінде болмашы зақымданған немесе біржақты өсіп кеткен ағаштар да бар. Биыл ағаш діңдерін зиянкестерден және кеселдерден құтқару  мақсатында санитарлық сауықтандыру шараларын, оның ішінде қураған, апатты жағдайдағы,  қурап түскен бұтақтарды жинап, тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 2022 жылы 500 ағашты санитарлық кесу жоспарланған. Олардың орнына жаңа ағаштар отырғызылады.

Ескі әрі апатты жағдайдағы ағаштар барлық орман алқабында орналасқан. Олардың орнына жаңа ағаштар отырғызылатын болады. Бұл тоғай алматылықтардың сүйікті демалыс орны, сондықтан қураған ағаштар тоғайға келетіндердің өміріне, әсіресе жел тұрған кезде  өте қауіпті, – деді Ботаника және фитоиндустрия институтының аға ғылыми қызметкері, дендролог Инга Бабай.

«Медеу» аймақтық табиғи саябағы 9 маусымнан бастап Баум тоғайында 2022 жылы санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу бойынша қоғамдық талқылау ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ғалымдар  Баум тоғайын сақтау үшін ескі ағаштарды кесуді ұсынды
Өзгелердің жаңалығы