Оң өзгеріс болады. Аймағамбетов өзі басқарып отырған министрлікті екіге бөлу туралы

8 Маусым 2022, 18:44
2105
Бөлісу:
Оң өзгеріс болады. Аймағамбетов өзі басқарып отырған министрлікті екіге бөлу туралы
Фото: Sputnik

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілістің кулуарында министрлікті екіге бөлуге қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Аймағамбетовтің айтуынша, БҒМ-ды екіге бөлу – елдегі білім және ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударылып отырғанының бір көрінісі.

Министрлікті екі бөлу ол қазіргі заманғы логикаға, өзгерістерге сай шешім деп ойлаймын. Әрине министрліктің екі бөлініп, оның мектепке дейінгі білімге, орта білімге жеке көңіл аудару мәселесі де маңызды. Сондай-ақ бұл елдегі білімді дамытуға септігін тигізеді, - деді министр.

Аймағамбетов басқа мемлекеттердің тәжірибесін мысалға келтірді.

Мысалы, Өзбекстанда министрлік (Білім және ғылым министрлігі – авт.) біреу емес, бірнеше. Олар балабақшалардың проблемасын шешу үшін жақында «Балабақшалар министрлігін» құрды. Сондықтан алдымызда тұрған басты мақсат-міндеттерге, қазіргі уақыттағы даму жоспарымызға, сондай-ақ білім саласын одан сайын дамытуға қатысты жоспарлар дәл осы шешімді қажет етіп отыр, - деп түсіндірді ол.

Министрдің ойынша, бұл – өте қажетті шешім. Айтуынша, білім және ғылым саласын дамыту үшін министрлікті екіге бөлу өте тиімді шешім болады.

Ғылыммен айналысатын бөлек министрлік болса, саладағы мәселелерді тиянақты әрі уақытылы шешуге мүмкіндік болады. Сол себепті бұл шешім біздің саламызға оң өзгеріс алып келеді. Осы мақсатта тиісті жұмысты істеп жатырмыз, - дейді бас ұстаз Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы