Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы бөтеннің катализаторларын ұрлаған қылмыстық топты ұстағандарын мәлімдеді.
Ол 4 адамнан тұрады. Бұл - 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастар. Ұрылардың соңғы «ісі» 5-ші маусымда Алматының Медеу ауданында тіркелген.
Күдіктілер үйлердің бірінің ауласында тұрған «Тойота Прадо» автокөлігінен катализаторы бар глушительді толығымен шешіп алып, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Сол күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің және Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олардан бөлшектерді кесуге арналған арнайы құралдар да тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталған адамдар өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 эпизодты жасауға қатысы бар екеніндігі дәлелденді. «Тойота Прадо» көлігінің катализаторы тәркіленіп, қылмыстық іске қосылды», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Полковнигтің айтуынша, ЖК бірінде қабылдаушы болып жұмыс істейтін сатып алушы да анықталып, ұсталған.
Ол көліктердің катализаторларын бөлшектелген күйінде алғанын, содан кейін металдың құрамы мен құнын анықтайтын арнайы анализатор арқылы бағалау жүргізілгенін айтты. Содан кейін катализаторларды тапсырған адамға акт толтырылды. Құрамы одан әрі зауытқа сату үшін дайындалды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде, - деді, Қ.Науатов.