Все новости за 11 мамыр 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада кішкентай қызды құтқарған жігітке үш бөлмелі пәтер берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8-қабаттан құлағалы тұрған бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевқа бірнеше сыйлық пен марапат берілуде.
-
Қарин Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірге Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан-Сербия қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығы артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин мен Сербия Республикасының әскери атташесі полковник Саша Момчиловичпен әскери ынтымақтастықтың даму көкжиегін талқылады.
-
Алматыда су басқан учаскелерді тазалау бойынша жедел штаб құрылды
Алматы, BAQ.KZ. Қатты жауын-шашын туралы дауылды ескере отырып, су басып қалған учаскелерді жоюға аудандық әкімдіктердің мердігерлік ұйымдарының, құтқару қызметінің 109 күштері мен құралдары тартылып, инертті материалдар дайындалды.
-
Елордада ескі сквердің орнына жаңа қоғамдық кеңістік салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктал - 2 тұрғын алабындағы ескі сквердің орнында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Ақ құралай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы, Қошанкөл ауылынан Аманжол Қажығалиев есімді оқырманымыз ерекше видео жолдапты.
-
Нұр-Сұлтанда робототехникадан қалалық чемпионат өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana IT University-де робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament 2022» екі күндік қалалық чемпионат өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 42-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғамда көп талқыланған баптардың бірі осы 42-бап десек артық айтқандығымыз емес.
-
Қуат Есімханов өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қуат Есімханов қайтыс болды.
-
Қазақстанда «ANKA» Түрік ҰҰА өндірісі ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 мамырда Анкарада «Kazakhstan Engineering» ҰК» АҚ мен «Turkish Aerospace» арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Руслан Желдібай: Мемлекет басшысының Түркияға сапары жайлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы алғашқы мемлекеттік сапарын Түркия елінен бастады. Мемлекеттік сапар - Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетелдiк сапарларының ішінде айрықша жоғары деңгейге ие.
-
Тоқаевтың Түркияға сапары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аяқталды.Мемлекет басшысын Анкараның халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай шығарып салды.
-
«AMANAT» партиясының қатары толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «AMANAT»-тың Орталық аппаратында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, басқа да түрлі сала өкілдері және белсенді жастар «AMANAT» қатарын толықтырды.
-
Жол жөндеу жұмыстарының сапасы жіті бақылауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қарағанды облысында автокөлік жолдарының ахуалын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Жол жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
-
Көлгінов Сәбит Шонтақбаевқа алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін өз өмірін қатерге тіге отырып, 8-қабаттың терезесінен үш жасар бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ерлікке пара-пар қадамына куә болдық. Ол елордаға осы жылдың мамыр айының басында Қызылордадан келген. Сәбитке осындай сәтте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айттым!
-
Санжар Жаркешов түрік бизнесмендерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Түркияға сапары аясында QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов түрік бизнесінің өкілдерімен кездесті .
-
Маңғыстаулық екі ерікті Алматыға жаяу жетті
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтаудан қайырымдылық жасау үшін жаяу жолға шыққан маңғыстаулық екі азамат Алматыға аман-есен жетті.
-
Отандық компания қазақ-түрік дөңгелек үстеліне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев ағымдағы жылғы 10-11 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға мемлекеттік сапары аясында өткізілген іс-шараларға қатысты.
-
Павлодар облысының тұрғындары теміржол өткелін салуды сұрайды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қалысының жанындағы Ленин кентіндегі теміржол станциясындағы өткелдің жылы бітер емес. Тұрғындар ауылдың қақ ортасымен жүретін теміржолды тура кесіп өтуге мәжбүр.
-
Алматыда қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы «Astra Consulting Agensy» ЖШС және «Alpha Lux Consulting» ЖШС басшылары мен менеджерлеріне қатысты қаржы пирамидасы туралы қылмыстық істі сотқа жолдағандарын мәлімдеді.
-
Адамдардың сенімін жоғалтып алмау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар географиялық қоғамының төрағасы Александр Вервекин Азаматтық альянс активі арасындағы Конституцияға түзетулерді талқылау барысында референдумға қатысқысы келетін адамдардың сенімін жоғалтып алмау керегін айтты.
-
Мемлекет басшысымен бірге сапарлаған біз де құр қол қайтпадық – Асқар Умаров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мәлімдеді.
-
Референдум. Республикалық штаб қалай жұмыс істеп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы республикалық қоғамдық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев референдумды қолдау штабы мүшелерінің телекөпірі барысында айтты.
-
Маңғыстауда үйлерін су басқан отбасыларға бір реттік қаржылай көмек беріледі
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысында үйлерін су басқан отбасыларға бір реттік қаржылай көмек беріледі. Бірақ оның көлемі комиссияның шешімімен шығын көлеміне қарай бөлінбек.
-
Кәсіпкер ретінде мемсатып алумен айналысқан директордың орынбасары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте «Ел намысы» арнайы мониторинг тобының мүшесі Дидар Смағұлов ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткен 6 айдағы қызметінің нәтижелеріне тоқталып өтті.
-
Өзгерістер мемлекетке емес, әрбір адамға керек – Нұрғазиева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық альянсының төрайымы Бану Нұрғазиева референдумды қолдау штабы мүшелерінің телекөпірі барысында айтты.
-
Тоқаев Түркия Республикасының Президенттік Ұлттық кітапханасына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенттік Ұлттық кітапханасына барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Қазақстан мен Түркия үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан үкіметі мен Түркия үкіметі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
-
Paramount Nickelodeon HD балалар телеарнасын қазақ тілінде жүргізуді бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Paramount жаһандық медиа тобы қазақ тілінде Nickelodeon HD телеарнасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.
-
Сәкен Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада 37 жастағы Сәбит Шонтақбаевтың ерлігі әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Ол 8-ші қабаттан терезеге ілініп тұрған үш жасар қызды құтқарып қалды.
-
Әрбір азамат референдумға қатысудың маңыздылығын сезінуі тиіс – Түзелбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Референдум өткізу туралы жаңалыққа «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының төрағасы Гамал Түзелбаев түсініктеме берді.
-
Елордада жыл басынан бері 72 адам тамақтан уланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда тамақтан уланудан зардап шеккендердің саны 72 адамға жетті, деп хабарлады Санитариялық-эпиденмиологиялық бақылау комитеті.
-
«Ел намысы» арнайы мониторинг тобы тікелей Президенттің тапсырмасымен құрылды – Смағұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Ел намысы» арнайы мониторинг тобының мүшесі Дидар Смағұлов Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысы туралы айтып берді.
-
Дизотын. Өңірлердегі баға қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
-
Павлодарлық із кесуші ит 100-ден астам қылмыстың бетін ашты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінің патрульдік-із кесуші төбеті еліміздегі үздік бестікке енді.
-
Энергетика министрлігі: Егін егу науқанында дизель тапшылығы болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
-
Алматыда толассыз жауған жаңбырдан ғимараттарды су басты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда нөсер жауыннан көшелер мен ғимараттарды су басты. Автотұрақ пен үйлерді су басқаны бейнеленген видеолар әлеуметтік желіде тарады.
-
Биыл елімізде дизотынды үлестіру жүйесі іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
-
Партиялық жүйе жаңа даму сатысына көтеріледі - саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев мәлімдеді.
-
Алматы облысында 3 кәсіпорын 77 жұмысшыға қарыз – прокуратура
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында 3 кәсіпорынның 77 жұмысшы алдында 71 млн теңге қарызы бар. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Асанов «Азаматтардың еңбек құқығы» тақырыбында өткен брифингте айтты.
-
Үш айдың ішінде шаруалар 230 мың тоннадан астам дизотын пайдаланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
-
Депутаттар онлайн несиелеуге тыйым салуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі депутаты Дания Еспаева елімізде онлайн несиелеуге тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы депутат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына ұсынған сауалында айтты.
-
Елімізде түрік инвесторлары фармацевтикалық зауыт салады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Nobel Ilac фармацевтикалық компаниясының басшысы Хасан Улусамен жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.
-
Конституциялық шағым институты – халықаралық тренд
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азаматтардың конституциялық шағымы институтын енгізу былтыр Өзбекстанда, Қырғызстанда, Украина, Мажарстан, Түркия, Литва және басқа елдерде енгізілді.
-
Тоқаев: Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы іскерлік топтарға Жаңа Қазақстанды құруға кіріскенін айтып, саяси жүйені толық жаңғыртатынын жеткізді. Ол «Суперпрезиденттік» басқарудан мықты Парламенті бар президенттік республика жүйесіне біртіндеп өтетінін атап өтті.
-
Көктемгі егіс жұмыстары үшін дизельдік отын бағасы жыл сайын 3%-ға өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
-
Тоқаев: Келешекте қазақ-түрік достығы нығая беретініне кәміл сенемін!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде осы іс-шараға еліміздің шынайы досы, Түркияның Вице-президенті Фуат Октай мырзаның арнайы келіп отырғанын айтып, оған өз ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін Түркияның бауырлас ел әрі маңызды стратегиялық серіктес, сондай-ақ ең ірі сыртқы экономикалық әріптесіміздің бірі екенін атап өтті.
-
Балқан олимпиадасында еліміздің оқушылары 6 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Математикадан Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 2 күміс және 4 қола жеңіп алды. Осылайша, елдің ұлттық құрамасы былтырдың нәтижелерін жақсартты. Яғни 2021 жылға қарағанда ел қоржынына бір медаль артық түсті.
-
Ерлігі ескерусіз қалған 300-ге жуық жауынгердің есімі ұлықталды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде 13 жыл бұрын құрылған «Майдан жол» соғыс даласында Отан үшін отқа түскен қазақ жауынгерлерінің жатқан жерін тауып, есімдерін ұлықтауды жалғастырып келеді.
-
Мемлекет басшысы Түркияның бірқатар кәсіпкерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың арасында «Yildirim Holding» президенті Роберт Юксель Йылдырым, «TAV Havalimanları Holding» басқарма мүшесі Сани Шенер, «Goknur Gida» басқарма төрағасы Осман Асланали, «Sembol» компаниясының басқарма мүшесі Феттах Таминдже және «Koç Holding» компаниясының басқарма мүшесі Али Коч бар.
-
Болат Өтемұратов қоры Қосшы қаласында жаңа мектеп салады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ақмола облысының Қосшы қаласында бір жарым мың оқушыға арналған жаңа мектеп ашылады. Құны шамамен 7,5 миллиард теңгені құрайтын жобаны Болат Өтемұратов Қоры қаржыландырады.
-
Қазақстан мен Түркия арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті.
-
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 400 мың тонна дизель отыны бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 400 мың тонна дизель отыны бөлінді.
-
Конституцияның үштен бірі өзгермек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы сарапшылар клубы отырысында айтылды.
-
Біртановтың қорғаушысы істі Бас прокурорға қайтаруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы өтіп жатыр.
-
Құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімге қол қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскенбаев құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы қазақ-түрік келісіміне қол қойды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
-
Түркістанда айыппұлы 1,1 млн теңгеден асқан 16 көлік иесі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда айыппұлы 1,1 млн теңгеден асқан 16 көлік иесі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қазақстанда 6,2 млн адамның банктерде кредиті бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 6,2 млн адамның банк алдында қарызы, яғни несиесі бар. Бұл туралы Мәжілістің кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.
-
Тоқаевқа инвестициялық жобалар таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды.
-
Әбілқасымова халықтың кредитке батып кеткенінің себебін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Банктер қарыз алушының айлық табысын бағалауы керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, қарыз алушының айлық табысы ай сайын төлейтін кредиттің 50%-ынан асып кетпеуі керек.
-
Елордада ер адам баланы құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 мамыр күні сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі 27/1 бойынша 9 қабат деңгейінде бала тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.
-
Кәсіпкерлердің проблемалық несиелерін қайтару үшін кепілдіктегі мүліктері жеке инвесторларға сатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлердің проблемалық несиелерін қайтару үшін кепілдіктегі мүліктері жеке инвесторларға сатылады.
-
Қазақстан Қырғызстанға әскери мүлік береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады.
-
Біртановтың сот отырысы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы өтіп жатыр.
-
Логика қайда? – Депутат ұшақтағы ақылы орынның бағасына шағымданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев елдегі әуе тасымалының сапасы мәселесін көтеріп, Үкіметке сауал жолдады.
-
Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Түркістан облысында жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғын мас күйде қайта рөлге отырған, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Өндіріп алынған мүлік банк балансында 3 жыл тұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өндіріп алынған мүлік банктердің және микроқаржы ұйымдарының балансында 3 жыл тұрады.
-
Стрестік активтер. Сервистік компаниялар институты құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Инвесторларға жұмыс істемейтін кредиттерге қызмет көрсету және басқару қызметтерін көрсететін сервистік компаниялар институты құрылады.
-
Әбілқасымова екі жыл ішінде қанша проблемалық қарыз есептен шығарылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде екі жыл ішінде 648 млрд теңгеге проблемалық қарыздар есептен шығарылды.
-
11 мамыр. Елдегі эпидахуал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 10 мамырдағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпараттты жариялады.
-
Елімізде стрестік активтер мөлшері 2,3 трлн теңгеге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде стрестік активтер мөлшері 2,3 трлн теңгеге жетті.
-
Мәжіліс азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы мен ілеспе құжаттарды қарайды.
-
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы алты есеге артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анкара қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы Жалпы жиынының (Middle sorridor) мәжілісі өтті.
-
Алматы полицейлері ерекше акция өткізіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын! Сізге қандай көмек көрсете аламын?» науқанын Алматы полициясы іске қосты. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шымкенттік өрт сөндірушілер 2 баланы өрттен құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 10 мамыр күні сағат 18:45-те «112» құтқару қызметіне 4 шағынауданы Р.Қабылбеков көшесіндегі құрылысы бітпеген ғимараттың жертөлесінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
-
Садыр Жапаров жаңа жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Халық үміті» (Эл Умуту) халықаралық стипендиясының жаңа бағдарламасын ашу туралы Жарлыққа қол қойды.
-
Қазақстандық жоғары сынып оқушыларына арналған мобильді қосымша әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қосымша жастарға республиканың оқу орындары, мемлекеттік және басқа да гранттық бағдарламалар туралы толық ақпарат алуға, сондай-ақ өңірлердегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
-
Еліміздің ғалымдары сүйекті қалпына келтіретін биоматериал әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит әзірледі, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
-
1 сәуірден кейін қанша адам зейнетақы жинақтарын пайдаланды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамырындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 321 017 өтінішін орындады.
-
Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады Бүгінгі ресми шаралардан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Telegram парақшасында хабарлады.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ең алдымен өзін қасиетті Анадолы жеріне мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға зор ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Наверх