Отандық компания қазақ-түрік дөңгелек үстеліне қатысты

11 Мамыр 2022, 19:25
2402
Бөлісу:
Отандық компания қазақ-түрік дөңгелек үстеліне қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев ағымдағы жылғы 10-11 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға мемлекеттік сапары аясында өткізілген іс-шараларға қатысты.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының төрағалығымен қазақ-түрік дөңгелек үстелі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инвесторлар үшін қолайлы және заманауи институционалдық орта қалыптасқанын атап өтіп, басым инвестициялық жобаларды барынша қолдауға дайын екенін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстанда түрік кәсіпкерлері іске асыратын ірі инвестициялық жобалардың таныстырылымы болды.

Отандық компания қазақ-түрік дөңгелек үстеліне қатысты

Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысының Yildirim Group, Sembol және TAV Holding сынды түрік серіктестермен өткізген екіжақты кездесулеріне қатысты.

Отандық компания қазақ-түрік дөңгелек үстеліне қатысты

Сондай-ақ, Қ. Шарлапаев кездесу өткізіп, Түркияның шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын ірі мемлекеттік ұйымы «Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту ұйымы» (KOSGEB) мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.

  «Бәйтерек» холдингі экономиканың шикізаттық емес секторларындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін өзінің еншілес ұйымдары арқылы қолда бар құралдарды түрік инвесторларына ұсынуға дайын, - деп атап өтті Холдинг басшысы.

«Даму» қоры тарапынан Басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева, түрік ұйымы тарапынан KOSGEB Президенті Хасан Башри Курт мырза Меморандумға қол қойды.

Қол қойылған меморандум микро, шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету бойынша тәжірибе алмасу, қазақстандық кәсіпкерлер үшін Түркияда B2B іс-шараларын өткізу, сондай-ақ кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытындағы озық тәжірибе мен табысты практикаларды зерделеу мақсатында өзара тағылымдамалар ұйымдастыру арқылы қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді.

 

Отандық компания қазақ-түрік дөңгелек үстеліне қатысты

 «Даму» қоры мен KOSGEB арасындағы институционалдық қатынастар 2011 жылы орнатылғанын атап өткен жөн. Содан бері біз түрік серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеп келеміз. Мысалы, ағымдағы жылдың 20-22 мамыры аралығында KOSGEB, алдыңғы жылдардағыдай, Нұр-Сұлтанда жыл сайын өтетін қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Onim көрмесіне қатысады. Қол қойылған құжат шеңберінде біздің ұйымдар іс жүзінде өзара іс-қимыл жүргізетін болады, осылайша кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі арттырылады, - деп атап өтті Г. Бөрібаева

 Жалпы, түрік әріптестермен кездесулер аясында тараптар инвестицияларды дамыту және бизнесті қолдау саласындағы әрі қарайғы стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы