Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 мамыр күні сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі 27/1 бойынша 9 қабат деңгейінде бала тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына жеке құрамның 7 адамы және 2 бірлік техникасынан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері жедел жіберілді.
Келіп жетуі бойынша төменгі қабатта тұратын ер адам сегізінші қабаттағы балконның карнизіне ілулі тұрған баланы құтқарғаны анықталды. 2019 жылы туған қыз құлау кезінде ата-анасымен бірге үйде болған, алайда сол сәтте баланың жанында ешкім болмаған.
Бақытымызға орай, 1985 жылы туған кейіпкер Шонтақбаев Сәбит жетінші қабатта тұрып, ілініп тұрған жылап жатқан баланы көріп, ойланбастан және өз өміріне қауіп төндіре отырып, құтқару іс-қимылдарын жасап, санаулы секундтарда қызды құтқарып қалды, осылайша кішкентай қыздың өмірін сақтап қалды. Батылдығы, батырлығы мен ерлігі үшін ер адам марапатқа ұсынылады. Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылған кездегі бақытты оқиға, бірақ қайғылы нәтижемен аяқталатын көптеген фактілер бар. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыздар, өйткені бір секундқа бөліну, бұл баланың өміріндегі соңғы сәт болуы немесе оны мәңгіге зақымдауы мүмкін.