Әбілқасымова халықтың кредитке батып кеткенінің себебін атады

11 Мамыр 2022, 12:40
1511
Бөлісу:
Әбілқасымова халықтың кредитке батып кеткенінің себебін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Банктер қарыз алушының айлық табысын бағалауы керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, қарыз алушының айлық табысы ай сайын төлейтін кредиттің 50%-ынан асып кетпеуі керек.

Қаржылық кредиттер былтыр 40%-ға өсті. Азаматтарда проблемалық кредиттер саны ұлғайып жатыр. Сол себепті біз әр түрлі іс-шаралар қабылдап жатырмыз. Ең біріншіден, қарыздық жүктеме коэффициентін қолданамыз. Ол 50%-ды құрайды. Яғни банк немесе микроқаржы ұйымы кредит беретін кезде қарыз алушының табысын бағалауға міндетті болады. Қарыз алушының ай сайын төлейтін кредитінің көлемі айлық табысының 50%-ынан аспауы керек. Егер асып кетсе, онда банк немесе басқа кредиттік ұйым кредит бере алмайды, - деді ол.

Сөзінше, бұл ережелер міндетті түрде сақталуы керек. Егер сақталмаған жағдайда агенттік осыған қатысты шара қабылдайды.

Мысалы, былтыр 128 мың қарыз келісімшарты бойынша қарыз алушыға жағдай жасамау, талаптарды сақтамау бойынша бұзушылықтарды анықтадық. Осы ретте банктерге қарыз алушыға артық төлеген сомаларын қайтарып беруге мәжбүрледік. Сондай-ақ микроқаржы ұйымдарына бірыңғай 56%-дық мөлшерлеме орнаттық. Сонымен бірге онлайн кредиттеуді бірыңғай жүйеге келтіреміз. Халықтың қарызының басым көпшілігі осындай жоғары мөлшермеге байланысты. Одан бөлек, тағы бір себебі – төлем қабілетінің, яғни табысының бағаланбауы, - деп түсіндірді агенттік төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы