Мәжіліс азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын қарайды

11 Мамыр 2022, 11:13
2033
Бөлісу:
Мәжіліс азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын қарайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы мен ілеспе құжаттарды қарайды. 

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайыновтың сөзінше, бұл заң жобаларының мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетсіздігіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған қазіргі заманғы төлем қабілеттігін қалпына келтіру институтын құру. 

Атап айтқанда, борышкерлерге қатысты соттан тыс банкрот рәсімі, төлем қабілеттігін қалпына келтіру және сот банкроттығы қарастырылған. Заң жобасын салалық заңнамалық актілермен сәйкестендіру және тиісті рәсімдерге қатысушылардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу қажеттігі көзделген. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобаларын қарап, ол бойынша 2023 жылдың 26 сәуіріне дейін қорытынды әзірлеуге дайын, - деп түсіндірді Марат Құсайынов. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай әзірленген Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығына қатысты заң жобалары ашық нормативтік-құқықтық актілердің порталында 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашық талқыланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы