Біртановтың қорғаушысы істі Бас прокурорға қайтаруды ұсынды

11 Мамыр 2022, 13:22
1172
Бөлісу:
Біртановтың қорғаушысы істі Бас прокурорға қайтаруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Елжан Біртановтың қорғаушысы Серік Сағалиев прокурор 28 қаңтар мен 18 наурыздағы  сот актісін орындамағанын айтып, сот-процесуалдық заңнамалық-актінің айтарлықтай бұзушылықтары жойылмағанын алға тартты. 

Осы деректер сот тергеуне әсер етеді. Осыны ескере отырып соттан Біртановты 361-бап бойынша айыптау бойынша сот ісін Бас прокурорға Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотына сот тергеуіне әсер ететін заңнамалық бұзушылықтарды жөндеуі үшін қайта қайтарып беруді сұраймын, - деді ол. 

Сот отырысы барысында Бірановтыі тағы екі қорғаушысы тағылып отырған айыпты жоққа шығаратын деректерді алға тартты. Сот отырысы әлі аяқталған жоқ. Бүгін сағат 15:00-де ол жалғасады. 

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановты үйұамақта ұстау мерзімін 14 қаңтарға дейін  ұзартқан болатын.

Оның алдында Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы министрге қатысты қылмыстық істі тергеу мерзімі созылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарған. 

Өзгелердің жаңалығы