Алматы полицейлері ерекше акция өткізіп жатыр

11 Мамыр 2022, 10:41
1668
Бөлісу:
Алматы полицейлері ерекше акция өткізіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын! Сізге қандай көмек көрсете аламын?»  науқанын Алматы полициясы іске қосты. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы полициясы ел Президентінің жаңа форматтағы «Қолжетімді полиция» жұмысы туралы тапсырмасын орындау аясында кешенді шаралар қабылдауда.  Бұл қағидатты жүзеге асыратын басым буын учаскелік полиция инспекторлары болып табылады.

Мемлекет басшысы өз аумағының тұрғындарына жақынырақ, танымал, қолжетімді, азаматтарға беделді болуы тиіс және олардың құқықтарын қорғайтын учаскелік полиция қызметкеріне басты рөл жүктелетін реформалар қажет екенін атап өтті. Біздің қаламызда ІІМ-нің бастамасымен «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын! Сізге қандай көмек көрсете аламын?» ақпараттық науқаны іске қосылды,  бұл бірінші кезекте полицияны қызмет үлгісіне қайта бағыттауға және оны қолжетімді жасауға көмектеседі. Біздің ауданда науқан барлық тұрғын үй алқабын, азаматтар көп тұратын жерлерді қамтиды. Бүгінгі таңда учаскелік инспекторлар мобильді және үнемі байланыста. Әрбір учаскелік полиция қызметкері ПИК-пен және аудан тұрғындарымен чат пен мессенджерлік байланыста отырады. Барлық сұрақтар тікелей оларға келіп түседі. Осы тәсілдің арқасында тұрғындардан түсетін өтініштердің санын 2,5 есеге қысқарттық, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәурен Өтебаев.

Учаскелік инспекторлар полицияның көп функционалды қызметін көрсетеді.  Олар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда, елді мекендер мен тұрғын аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты тұлға болып табылады.

Олардың қызметі халықпен тікелей байланыста жүзеге асырылады. Олар өз міндеттерін орындай отырып, ішкі істер органдары туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді, азаматтардың полицияға деген сенім деңгейі олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне тікелей байланысты. Осыған орай, учаскелік полиция инспекторлары мен тұрғындардың күнделікті байланысына қол жеткізу шаралары жүргізілуде, - деді полковник Өтебаев.
 

Өзгелердің жаңалығы