Қазақстан Қырғызстанға әскери мүлік береді

11 Мамыр 2022, 12:05
2535
Бөлісу:
Қазақстан Қырғызстанға әскери мүлік береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады. 

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов бұл келісім 2021 жылғы 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалғанын мәлімдеді. 

Келісім бойынша әскери мүлік бір рет беріледі. Оның атауы мен көлемі дипломатиялық арна арқылы келісілді. Қазақстан мүлікті Қырғызстанның Қойташ елдімекеніне дейін автокөлікпен жеткізіледі. Шығынды өзі көтереді. Қырғызстан тарапы алған мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдалана алады, үшінші тарапқа бермейді, - деді Сұлтан Қамалетдинов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзінше, ТМД қатысушы мемлекеттерге қарсы қолданбайды. Орталық Азияға іргелес аумақта шиеленіс болғанда, өңірлік қауіпсіздікке сын-қатер төнген жағдайда әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан қарулы күштерінің оған тойбарыс беруіне, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар заң жобасын қабылдау бюджеттен қосымша қаражат қажет етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқпайды. 

Өзгелердің жаңалығы