Paramount Nickelodeon HD балалар телеарнасын қазақ тілінде жүргізуді бастады

11 Мамыр 2022, 17:22
2699
Бөлісу:
Paramount Nickelodeon HD балалар телеарнасын қазақ тілінде жүргізуді бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  Paramount жаһандық медиа тобы қазақ тілінде Nickelodeon HD телеарнасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.  

Балалардың сүйікті шоуларының көптеген кейіпкерлері мазмұнды локализациялау бойынша ауқымды жобаның арқасында алғаш рет осы тілде сөйлейді. Nickelodeon HD елімізде көрсетіліп жатқан компанияның танымал арналарының аудиториясын қазақтiлдi бөлігі арқылы кеңейтеді.

Телеарна Қазақстанда әлемге әйгілі Nickelodeon брендінің локализацияланған нұсқасын ұсынады, ол 40 жылдан астам уақыт бойы мектеп жасына дейінгі балалардың, 6 жастан асқан балалардың және 12 жастан асқан балалардың мүдделерін ескере отырып таңдалған танымал шоуларды көрсетеді.  Nickelodeon HD телеарнасымен олар және олардың ата-аналары отбасылық көруге арналған үздік сериалдар мен бағдарламаларға қол жеткізе алады, олардың көпшілігі елде алғаш рет көрсетіледі. 2022 жылдың соңына дейін арна көрермендерін 354 премьералық эпизод күтеді. Олардың арасында "Губка Боб Шаршы Шалбар", "Смурфики", "Варварка және тролль", "Элвин мен ала тышқан", "Жұлдызды жол: Протостар" және "Трансформерлер" сияқты танымал анимациялық шоулар, сондай-ақ "Тыс аймақ" және "Рок аралының құпиялары" жаңа телехикаялары бар.

Қазақстанда Nickelodeon брендінің болуының кеңеюімен және оның қазақ тіліндегі бағдарламаларының аудиториясының едәуір ұлғаюымен қатар тұтынушылық тауарларды лицензиялау бағыты да қосымша ынталандырылатын болады. Ұлттық өндірушілер бүкіл әлемде танымал кейіпкерлерді балалар мен отбасылық тұтынушылар санатына арналған брендтік өнімдерді шығару және кеңінен ілгерілету үшін қолдана алады.

Қазақстан – біз үшін стратегиялық маңызы бар нарық. Мұнда Paramount компаниясының сегіз телеарнасы бар, олар әр түрлі жастағы көрермендерді қамтиды. Қазақ тілінде Nickelodeon HD бағдарламасын іске қосу біздің Қазақстандағы қызметiмiздi күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар біздің брендтер тарихында тұңғыш рет сүйікті балалар кейіпкерлерін осы тілде сөйлейтін аудиторияға барынша жақындатады. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауының арқасында біз қысқа мерзімде көлемі ұлғаятын бірегей контенттің жүздеген сағатын аударып, кәсіби дыбыстау жасай алдық. Бұл күрделі және өршіл жоба болды, онда біз Paramount-тің басқа елдерде, соның ішінде Балтияда жинаған кең тәжірибесін қолдандық. Біз өз көрермендерімізбен бір тілде тілдесу мүмкіндігіне қуаныштымыз және Nickelodeon HD Қазақстанда танымал болатынына сенімдіміз,- деді  Елена Бальмонт, Paramount International Networks ТМД және Балтық елдеріндегі аға вице-президенті

Анықтама:

Nickelodeon – ең танымал мультимедиялық ойын-сауық брендтерінің бірі. Оның ұраны: "Балалар-бірінші орында".  Телеарна өз тарихындағы 40 жылдан астам уақыт ішінде әлемдік танымалдылыққа, құрметке және көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болды: "Қауіпті отряд" және "Тыңшылық" секілді ойын сериалдарынан бастап, анимациялық хиттерге дейін, оның ішінде "О, бұл балалар", "Смурфики", "Губка Боб Шаршы Шалбар" және "Менің шулы үйім", сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Акула баласының үлкен шоуы", "Вспыш және ғажайып машиналар","Күшіктер патрулі" және тағы басқа бағдарламалар бар.

Бұдан басқа, Nickelodeon жыл сайын беделді Kids Choice Awards марапатын табыстайды, оның иегері әр жылдары әлемге танымал тұлғалар, актерлер, музыканттар және блогерлер атанды, оның ішінде Қазақстаннан да: 2021 жылы BIP House қатысушылары марапатқа ие болды.

Қазақстанда ағылшын және орыс тілдерінде Nickelodeon, қазақ тілінде бағдарламалары бар Nickelodeon HD, сондай-ақ Nick Jr. телеарналары ұсынылған, орыс тілінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу және ойын-сауық мазмұнының ерекше үйлесімін ұсынады.

Paramount – Nickelodeon және MTV сияқты әлемдік ойын-сауық брендтеріне, сондай-ақ Paramount Pictures студиясына ие ғаламдық медиа-топ, ол көрермендерге "Шоқындырған әке", "Титаник", "Форрест Гамп" және "Миссия мүмкін емес" фильмдерін ұсынды.

Компанияның портфолиосына әлемнің 180 елінде аудиториясы бар танымал телеарналар мен ағындық платформалар кіреді. ТМД, Украина, Грузия және Балтық елдерінде Paramount Nickelodeon, Nick HD, Nick Jr. арналарын ұсынады, Nicktoons, орыс тіліндегі MTV, MTV Live HD, MTV 80s, MTV 90s, MTV 00s, Paramount Comedy және Paramount Channel, сонымен қатар ағынды өнімдер.

Негізгі сандық платформаларда қолжетімді Paramount мазмұны – бұл барлық жастағы сериалдар, фильмдер және шоулар. Олардың қатарында "Күшіктер патрулі","Губка Боб Шаршы Шалбар" және "Оңтүстік саябақ" бар. Paramount– әртүрлі санаттағы тауарлар үшін жетекші лицензиарлардың бірі.Paramount Nickelodeon HD балалар телеарнасын қазақ тілінде жүргізуді бастады

Өзгелердің жаңалығы