Биыл елімізде дизотынды үлестіру жүйесі іске қосылады

11 Мамыр 2022, 15:50
1444
Бөлісу:
Биыл елімізде дизотынды үлестіру жүйесі іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің деректер базасын қалыптастыру мен отынды үлестіру үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыстар осы жылдың соңында аяқталады.

Осындай бастама былтырғы жылдың ортасынан көтеріліп, талқылана бастады. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігімен аталған деректер базасын жасау бойынша жұмыс барысын келістік. Ол ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен жеткізушілер арасында тікелей келіссөздер жасауға мүмкіндік береді. Жоба биыл желтоқсан айында аяқталуы тиіс, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол фермерлер мен ресурс ұстаушылар, яғни зауыттағы өнім берушілер арасында дизель отынын сатып алуға «тікелей» шарттар жасасу үшін жағдайлар жасау немесе фермерлердің өз бетінше кооперациялануға және дала жұмыстары үшін мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі операторды таңдау мүмкіндігі болуы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі не істеуі қажеттігіне тоқталды.

Ол үшін аталған ведомство байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, ЖЖМ қажеттілігін көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құруы; отынды тарату үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу арқылы дизель отынының көлемін АШТӨ-ге тікелей бөлу мәселесін пысықтауы тиіс. Біздің ойымызша, электрондық-ақпараттық жүйені енгізе отырып, диқандарға дизель отынының көлемін атаулы бөлу ашық бөлуге, бөлу тізбегіндегі артық буындарды жоюға, сондай-ақ ықтимал сыбайлас жемқорлық құрамдастарын болдырмауға мүмкіндік береді, - деді вице-министр. 

Өзгелердің жаңалығы